Статистика блога
195
Записей
4731
Обращений
183290
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сельское хозяйство

Вопрос #11274 от 11/03/2019

Құрметті Шота Сабитбекұлы!

Мен, «Бикен» ШҚ-ның басшысы Шакин Хамит Қарағұлұлы келесі мәліметтерді хабарлаймын.
2016 жылғы 9 қыркүйек күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ауыл халқының жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берген болатын.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысымен «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген. Аталған бағдарламаның орындалуы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті атқару органдарына жүктелген. Бағдарламаның басты міндеттемелерінің бірі болып, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін барынша кеңінен қамти отырып, жалпы сала бойынша мемлекеттік қолдаудың тиімділігін және қол­жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Алайда, бүгінгі күні бірқатар проблемалар  шешімін таба алмай жатыр. Мәселен, 2019 жылғы қыс мезгілі ауылшаруашылық кәсіпкерлеріне көптеген қиыншылықтарын тигізіп отыр. Мысалға, ауа райының бұзылуына байланысты, яғни қар жамылғысының нормадан тыс түсуінің әсерінен жол қатынасы мүлдем тоқтаған. Сол себепті, 10 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған «Бикен» шаруа қожалығы орналасқан Жангелді ауданы Аралбай ауылдық округіне қарасты Табылды қоныс орнына азық-түлік, дәрі-дәрмек, жедел-жәрдем жеткізуімен бірге, мал ауырған жағдайда ветеринар мамандарының келу мүмкіндігі болмай отыр. Бұндай аталған проблемалар барлық ірі-қара мал басын көбейтуге тырысқан кәсіпкерлерге ауыр зардабын тигізуде.
Дәлірек айтсақ, өткен жылы аталған проблемалар аясында, ірі қара малға дермотит ауруларына қарсы жоспарлы екпенің болмауының әсерінен, біздің шаруа қожалықта бірталай ірі қара мал басы аурудан өлген болатын. Келтірілген едәуір шығындар бойынша, мемлекет тарапынан көмек болған емес. Биылғы жылы да айтылған үрдістер қайталанғалы отыр. Яғни, жолдың болмауынан осы жылғы 4 наурызға жоспарланға мал дәрігерлерінің біздің шаруа қожалығына жоспарлы қан алу, Эмкарға қарсы егу шаралары орындалмай отыр. Ал егер, осы мәселе тез арада шешімін мезгілінің күрт жылынуынан Табылды қоныс орны аралда қалып немесе су тасқынында қалу қауіпі бар. Ол дегеніміз, 2019 жылғы шілде айларына дейін жол қатынасы үзіліп, мәселені оданары ушықтыратыны сөзсіз.
Жоғарыда аталғандар негізінде, мемлекеттік бағдарламаларды орындау мақсатында, қысқы стратегиялық қар тазалау жоспарына мал өсіріп отырған қоныс орындарының қатынас жолдарын қосуды сұраймын.
Сонымен қатар, бүгінгі күні мөлшерден тыс түскен қарды К-700 арнайы техникасымен аршу мүмкіндіктерін қарастыруыңызды сұраймын.
Аталған проблемаларды, нақты шешу жолдарын заңмен көзделген мерзімде жауап беруіңізді сұраймын.
Сіздің түсінігіңізге алдын-ала алғыс білдіремін.


«Бикен» ШҚ-ның Шакин Х.Қ.
басшысы
таппайтын болса, күн

Имя: Шакин Хамит Карагулович
Ответ получен
Отвечает Оспанов Шота

«Бикен» ШҚ басшысы
Х.Қ. Шакинге

Құрметті Хамит Қарағұлұлы!

Сіздің, жол қатынасына және мал егуге қатысты өтінішіңізге, Жангелдин ауданы әкімдігі келесіні хабарлайды.
Осымен, «Торғай-Шеген-Ақшығанақ», «Шұбалан-Қарасу», «Шұбалан-Қарасу-Көкалат», Милісай, Шилі селосына кіре беріс, «Тоқанай-Саға-Бидайық» бағыттары  жергілікті маңыздылығы бар автомобиль жолдары «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолашылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі балансында яғни,коммуналдық меншікте.  (Қазақстан Республикасының Автомобиль жолдары туралы 17.07.2001 жылғы №245 Заңының 13 бабы 2 тармағына сәйкес «Жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыретіне, автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы аудандық (қалалық) атқарушы органдарды қарауына жатады» делінген.
Сондықтан, жергілікті маңыздылығы бар автомобиль жолдарын қыс мезгілінде күтіп-ұстау жұмыстарын орындау үшін жыл сайын аудандық бюджеттен қаражат бөлініп мемлекеттік сатып алуға электрондық конкурс өткізіліп отырылады. Аталған бағыттар бойынша конкурсты ұтып алған мердігерлер жұмыс атқарады. Яғни, атқарушы органдарды қарауына жататын жолдар жылдың барлық мезгілінде әрдайым бақылауда және үнемі қалыпты деңгейде.
Ал, жеке шаруа қожалықтары орналасқан жерлердегі жол қатынасы жоғарыда аталған Заңның 17 бабы 3 бөліміне сәйкес жеке адамдардың өз қаражаттары есебінен қамтамасыз етіледі деп көрсетілген.  
Сондықтан, Жангелдин ауданы Аралбай ауылдық округіне қарасты Табылды қоныс орны бағыты бойынша жолдардың күтіп-ұстау жұмыстары аудандық атқарушы органдардың құзыретіне жатпайды.Тек қана төтенше жағдайлар туындаған кезде тиісті көмек көрсетіледі. Бұған дәлел, Сіздің хабарламаңыз бойынша қардың қалың түсуіне байланысты 2019 жылдың 22 ақпанында К-700 тракторымен жол аршылған болатын және де Сіздің шаруа қожалығыңыздағы жұмыс жасап жүрген жұмыскеріңіздің төбеден құлап ауырып жатыр деген хабарламаңыз бойынша 11.03.2019 жылы «Алтын-Дала» МКК-ның Камаз автокөлігімен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
Ал, жалпы  шаруашылықтардың қысқы және жазғы кезеңдердегі қажеттіліктеріне байланысты жол қатынасымен қамтамасыз жасау өз міндеттеріне кіреді. Бұл үшін аудандық бюджеттен қаражат қарау мүмкіндігі жоқ және заңдылыққа қайшы.
Мал егу жұмыстарын айтар болсақ, Аралбай ауылының мал дәрігерлері 16-19.03.2019 жыл аралығында «Бикен» шаруа қожалығының 345 бас ірі қара малдарынан қан алып, туберкулез ауруына қарсы (туберкулинизация) жасалынған және қарасанға (эмкар), сібір жарасына қарсы вакцинация 100 пайызға жасалынған сондай-ақ, 29.03.2019 жылы нодулярды дерматитке қарсы 345 бас ірі қара малға екпе толық жасалған.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 12-баптарына сәйкес берілген жауапқа шағым беру құқығыңыз бар.

Имя: Оспанов Шота 2/04/2019
Биография
Оспанов Шота Сабитбекович
Отправить письмом