Статистика блога
195
Записей
4416
Обращений
175129
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдар.
Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері
      1. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдар санаттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстерімен, сондай-ақ осы Заңмен айқындалады.
      2. Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдардың:
      1) ана тілінде немесе өздері меңгерген басқа тілде өтініш жасауға, өздерінің құқықтары мен міндеттері, соттың қолданған жазасы, қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудың тәртібі мен шарттары, олардың өзгерістері, сондай-ақ ұсыныстар, арыздар мен шағымдар берудің тәртібі туралы мәліметтерді алуға;
      2) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту жөніндегі іс-шараларға қатысуға құқығы бар.
            3. Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар:
      1) заң мен сот жүктеген міндеттерді орындауға;
      2) жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын өтеу тәртібі мен шарттарын орындауға және сақтауға;
      3) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің заңды талаптарын орындауға;
      4) пробацияны жүзеге асыратын субъектілерге анық мәліметтер ұсынуға міндетті.
    Пробацияны жүзеге асыру нысандары
      1. Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға пробациялық бақылау және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету нысандарында пробация жүзеге асырылады.
      2. Пробациялық бақылау пробация қызметінің есебінде тұратын адамдардың өздеріне заң мен сот жүктеген міндеттерді орындауына бақылауды жүзеге асыру бойынша пробация қызметінің және полицияның жұмысын білдіреді.
      3. Әлеуметтік-құқықтық көмек – пробацияны жүзеге асыратын субъектілер әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы негізінде іске асыратын, өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосуға, әлеуметтік бейімдеуге және оңалтуға бағытталған шаралар кешені.
6-бап. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту шаралары
      1. Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды әлеуметке қосу, әлеуметтік бейімдеу және оңалту:
      1) мына мәселелер бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету:
      медициналық көмек алу;
      орта білім алу;
      кәсіпті меңгеру (кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру);
      жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      психологиялық демеуді қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алу;
      2) мыналарды:
      әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация беруді;
      әлеуметтік патронажды;
      тараптардың өзара келісуі жағдайында отбасылық және өзге де әлеуметтік-жағымды байланыстарды қалпына келтіруге көмектесуді қамтитын әлеуметтік байланыстарды қолдау жүйесін қалпына келтіру және қалыптастыру;
      3) мыналарды:
      келу орнымен қамтамасыз етуді;
      оңалту іс-шараларын ұйымдастыруды;
      мәдени іс-шараларға қатысуға тартуды;
      4) әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу арқылы қамтамасыз етіледі.
      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы – пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің пробация қызметінің есебінде тұратын адамның жеке басын кешенді зерделеу мен оның нақты өмірлік жағдайы негізінде тұжырымдалған, оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жиынтығы.


Қ останай облысы бойынша ҚАЖД
Жангелді ауданының пробация  
қызметінің инспекторы
әділет  лейтенанты                                                                                         М.С.Құспек

Отправить письмом