Блог статистикасы
196
Жазбалар
2821
Өтініштер
134789
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ветеринария

«Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі жеке мекеме болып 2010 жылдың  1 қарашасында құрылған. Бөлімнің негізгі  міндеттері аудан аумағындағы жануарларды аурудан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастыру, халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ  аурулардан қорғау, аудан аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асыруды ұйымдастыру болып табылады.
Қазіргі  таңда бөлімде  6 адам  мемлекеттік қызметкер, 1 адам келісім-шарт   бойынша жұмыс атқарып отыр.
2017 жылғы көктемгі эпизоотияға қарсы іс-шаралары, оның ішінде серологиялық  қан алу жұмыстары  жоспарға сай атқарылды. Осы   жоспар бойынша ірі қара малынан 12 айда барлығы  36385 бастан қан алынып 100 % -ға орындалды. Осының ішінде атап айтқанда:
-ірі қара мал аналығынан 12 айдың жоспары  - 21102 бас, орындалғаны 21102 бас, яғни 100 % -ға ,
-бұқа жоспар -1158 бас, орындалғаны 1158 бас, 100% -ға,
-қалған ірі қара жоспар -14125 бас, орындалғаны 14125 бас , 100% -ға,-ірі қара малының төлінен, яғни ИФА  жоспар- 2649 бас, орындалғаны-2649 бас,  100% -ға орындалып отыр.
Осыдан  119 бас мал бруцеллез  ауруы екендігі анықталды, жұқтыру пайызы - 0,3 % құрап отыр.   Осыдан 115 бас  ЖК «Поздняков»   арнайы  мал сою  орнына тапсырылды, 2   бас  өлді, қалған 2 басы басқа Бұл 2 бас ірі қара  (Аралбай   ауылының тұрғындары  Ахатов К,МаденовН )басқа жаққа өткізілген. Осыған байланысты, жоспардан тыс тексеру ашылып құжаттары аудандық аумақтық инспекцияға жолданып тиісті шаралар қолданылды.  
Бруцеллез шыққан ауру мал иелерінің қора-қопсыларына қазіргі таңда  барлығы  115 үйге 21150 м2,16 шаруа қожалыққа -6150 м2 жерге ,99 жеке үйлердің қора қопсыларына барлығы 15000 м2 жерге  залалсыздандыру жүргізілді.
Ал ұсақ мал бойынша бекітілген 12 айлық  жоспар 88887 бас ,осыдан орындалғаны барлығы  – 88887 бас, яғни 100%- ға орындалып отыр.
Атап айтқанда:
-қошқар 12 айлық жоспар 2630 бас,орындалғаны-2630 бас, яғни  100%-ға,
-қалған мал басы 12 айлық  жоспар- 14814 бас, орындалғаны -14814 бас, яғни 100%-ға,
-3-4 айлық төл 12 айлық жоспар-15381 бас, орындалғаны-15381 бас, яғни  100%-ға,
-аналық мал басы 12 айлық жоспар-56062 бас, орындалғаны-56062 бас, яғни 100%-ға орындалды.
Ұсақ мал бойынша бруцеллез малдар анықталған жоқ. Ауру болған ірі қара малдарды  тиісті мал сою орнына  апарып тасымалдауға 1000,0  мың теңге қаражат қаралған, осыдан 1 рейсіне 100 мың теңгеден  барлығы 10 рейске 1000,0 теңге  аударылды.
Сонымен қатар көктемде жоспар бойынша вакцинациялау жұмыстары да жүргізілді. Жоспар бойынша 12 айда барлығы
ірі қара  малының  пастереллезіне  10500 бас егіліп  100%-ға,
ұсақ малдан- 11600 бас егіліп  100%-ға, 
жылқы малы - 300 бас  егіліп  100 %-ға,
сібір жарасы ауруына қарсы ірі қара мал 31100 бас егіліп  100%-ға,ұсақ малдан сібір жарасына  53000 бас  егіліп  100 %-ға,
жылқы малы -6000 бас егіліп 100 %-ға,
түйеден 80 бас егіліп  100 %-ға орындалып отыр.
Қарасан ауруына  17100 бас егіліп 100 %-ға,
туберкулинизацияға  47900 бас егіліп 100 %-ға,
жылқы маңқасына 2100 бас  егіліп  100 %-ға орындалып отыр.
Құтыру ауруына қарсы ірі қара малынан 2600 бас егіліп 100 %-ға ,
ұсақ малдан 1550 бас егіліп  100 %-ға ,
жылқы малынан 300 бас егіліп 100 %-ға ,
ит құтырмасына 600 бас,
мысық құтырмасына 600 бас егіліп  100 %-ға орындалды.
2017 жылға аудан аумағындағы ауылшаруашылық  малдарының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары жоспарланып өз деңгейінде жүргізілді. Атап айтсақ биылғы жылға жоспар бойынша 8600 бас ірі қара төлінен 8600 бас яғни 100 пайыз, 20500 мың бас ұсақ мал төлінен 20500 яғни 100 пайыз, жылқы төлінен  -2085 бас яғни 100 пайыз, түйе төлінен жоспар -11 бас яғни 100 пайыз бірдейлендірілді. Бекітілген жоспарға сәйкес бірдейлендіру жұмыстары 100 %-ға толығымен орындалды.  
Бөлімге 12 айда облыстан және мекемелерден келіп түскен құжаттар саны-572, ал шығысталған құжат саны-415. Бөлім қоғамдық іс-шараларына  атсалысып отырады, бекітілген жоспарға сәйкес  баспасөзге  жазылу  толығымен жүргізілді.

хат жіберу