Блог статистикасы
195
Жазбалар
3619
Өтініштер
153622
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Құрылыс

1.«Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы Аралбай ауылында сумен жабдықтауды қайта құрылымдау» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша:
Бас мердігер: «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС.
Жалпы сметалық құны: 320398,0 мың теңге.
Қаржыландыру көзі: республикалық және облыстық бюджеттер.
2017 жылға бөлінген қаражат: 306463,5 мың теңге, соның ішінде: республикалық бюджеттен - 280921,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 25542,5 мың теңге.
Игерілгені: 306463,446-40 мың теңге, соның ішінде: республикалық бюджеттен – 280920,946-40 мың теңге, облыстық бюджеттен – 25542,5 мың теңге.
Нысан 2017 жылғы желтоқсан айында пайдалануға берілді.

2.«Қостанай облысы Жангелдин ауданындағы Ақшығанақ ауылында сумен жабдықтауды қайта құрылымдау» нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша:  
Бас мердігер: «Алюминстрой» ЖШС.
Жалпы сметалық құны: 580665,0 мың теңге.
Қаржыландыру көзі: республикалық және облыстық бюджеттер.
2017 жылға бөлінген қаражат: 293255,5 мың теңге, соның ішінде: республикалық бюджеттен - 258570,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 34685,5 мың теңге.
2018 жылға жоспарланған қаражат: 243032,0 мың теңге, соның ішінде: республикалық бюджеттен - 218728,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 24304,0 мың теңге.
Игерілгені: 293255,5 мың теңге, соның ішінде: республикалық бюджеттен - 258570,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 34685,5 мың теңге.  
        
3.Жангелдин ауданы бойынша 2017 жылға тұрғын үй құрылысына берілген тапсырма 250 шаршы метр. 2017 жылдың 12 айында Жангелдин ауданында тұрғындардың өз есебінен 26 689,5 мың теңге қаражат жұмсалып, 273 шаршы метрге жеке тұрғын үй құрылысы жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Жылдық тұрғын үй құрылысына берілген тапсырма 109 % (273/250,0 ш.м.) құрайды.

4.«Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйе базасында Жангелдин ауданы бойынша 2949 жылжымайтын мүлік объектісі тіркелген. Мекенжай тіркелімі жұмыстары Жангелдин ауданының жылжымайтын мүлік объектілерін электрондық базаға енгізу жұмыстарынан тұрады және Жангелдин ауданының жылжымайтын мүлік орталығымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылуда.

5.«Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2017 жылдың 12 айында стандарттарға сәйкес келесі мемлекеттік қызметтер көрсетті:
-ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын анықтауға анықтама беру – 1;
-Сәулет жоспарлау тапсырмалары жұмыстарына тапсырма беру – 16;
-Қолданыста бар ғимараттардың бөлмелерін (жеке бөлімдерін) қайта құрылмдауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) рұқсат беру – 3.
-Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу - 2.

хат жіберу