Блог статистикасы
195
Жазбалар
3608
Өтініштер
153075
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ауыл шаруашылығы

Мал шаруашылығы:
Жангелдин ауданы  бойынша 1 қаңтар 2018 жылға мал басы:  ірі қара – 31 760 бас (былтырғы жылы 30 598 бас 103,7%), қой-ешкі – 81 618  бас – (былтырғы жылы 81 085 бас, 100,6%), жылқы – 9 319  бас – (былтырғы жылы 9 097 бас,  102,4%), түйе  – 104  бас (былтырғы жылы 104 бас,  100%), құс – 99 872  (былтырғы жылы 99 150 бас,  100,7%) құрап отыр.
«Сыбаға»  мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы берілген жоспар 30 бас сатып алынғаны 50 бас орындалуы -166,7%.
«Алтын Асық» бағдарламасы бойынша 2017 жылдары берілген тапсырма – 90 бас, несие алушылар қарастырылуда.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 2017 жылдары – 15 бас мал алу тапсырмасы берілді. Берілген тапсырма бойынша – 34 бас мал сатылып алынды. Тапсырманың орындалуы 226,7%   құрады.
Қазіргі таңда 5 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды, бордақылау алаңдарын ашуға 46 ниет білдірушілер жалпы сомасы 120,0 млн. теңге несие алынды  және 1 мал сою орнын жетіле жабдықтауға 22,0 млн. теңгеге құжаттары  тапсырылды. Алдағы уақытта да берілген тапсырманың орындалуына түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығын өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасы  бойынша 2017 жылдың 1 қазанына ірі қара малдың 1831 бас аналыққа селекциялық жұмыстар жүргізгені үшін 18 млн. 310 мың теңгені субсидия төленді;
61 бас отандық асыл тұқымды бұқаларды сатып алғаны үшін – 9 млн 150 мың тенге төленді.
2011 жылы «Бикен» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 40,0 млн.тнг несие алып, асыл тұқымды бұқалар сатып алып, малды селекциялық асыл тұқымды жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл шаруа қожалығы алдағы 2018 жылы аудан шаруа қожалықтарына асыл тұқымды бұқаларын сатуға мүмкіндік  алады.
2017-2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары аясында, ағымдағы жылға 1 АШӨК, 58 отбасылық бордақылау алаңдарын, 1 мал сою тірегін жарақтандыруға тапсырма берілді:
1.«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау  қоры» АҚ филиалы арқылы  86745,0 мын теңге бөлінді;  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» несие алуға 46 адам құжаттарын тапсырды. Қазіргі таңда одан 46 адамға 118, 250 млн.теңге несие берілді. Сонымен қатар 1 мал сою тірегін жарақтандыруға  құны 22 млн.теңге тұратын 1 жобаның құжаттары тапсырылды, қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорында» қаралып ЖШС «Астық» келісім-шарт жасалды. Орындалуы –161,7%.
2.«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы арқылы 7,6 млн. теңге бөлінді;  Несие алуға 2 адам құжаттары  тапсырылып  - 12,870 млн.теңге берілді. Орындалуы -  169,3%.

Егін шаруашылығы:
Аудан бойынша биылғы жылғы себілген жалпы егістік көлемі 21 909  гектарды құрап отыр (2016 жылы – 21 291 га, өсім – 102,9 пайыз),  оның ішінде бидай 20019 га (2016 жылы – 19 580 га, өсім – 102,2 пайыз), 590 га арпа (2016 жылы – 590 га). 500 га жерден майлы дақыл (2016 жылы – 700 га). 800 га жерге көп жылдық шөптер (2016 жылы – 421 га).
Көктемгі егін себу науқаны 15 мамырда басталып, 31 мамырда аяқталды. Егін себу жұмыстарына 16 трактор және 7 жүк көлігі қатынасты.
Егістік алқаптарда 5 мың.га жерге қар тоқтату жұмыстары жоспарланып, толығымен орындалды. 5 мың га  жерге химиялық өңдеу жұмыстары, 5,1 га жерге пар жүргізілді.
Ағымдағы жылғы көктемгі-егін себу жұмыстарына 342 тонна арзандатылған дизельдік отын бөлінді. 1 литр жанар майдың бағасы 126 теңге болды. Оның 324,6 тоннасы (95%) тасылып алынды, 17,4 тоннасынан бас тартылды.  
Аудан бойынша 21166 га  егістік жер көлемі  сақтандырылды.  Оның ішінде  14451 га «Қазақстан фермерлер одағы» бірлестігі бойынша  және  6715 га «Инспэк АгроПолис» ПКОВС  бойынша сақтандырылды.
Ауданға 2017-2018 жылдарға мал қыстату кезеңіне 144,2 тонна  1,5 жылдық шөп дайындау тапсырмасы берілген. Қазіргі таңда тапсырма 100 пайыз орындалып, дайындалған мал азығы тасылып алынды.
Күзгі егін ору жұмыстарына 377 тонна жанар май бөлінді, 1 литр жанар майдың бағасы 137 теңге. Оның 377 тоннасына (100%) келісім-шарт жасалып, 330 тоннасына (88%) қаражаты төленді және 330 тоннасы тасылып алынды (88%). Қалған 47 тоннадан шаруа қожалықтары бас тартты.
Сонымен қатар "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" қағидасы бойынша 4 шаруа қожалықтары 6 931 980 теңгеге құжаттарын тапсырды.
Егін ору жұмыстары 15 тамызда басталаып, қыркүйек айының 10-да аяқталды, оған 33 егін оратын комбайн, оның 2-і жаңа комбайн. 9 трактор, 12 жүк көлігі қатынасты.
20 609 га дәнді-дақылдардан орташа түсімі 8,3 ц/га-дан 17 182 тонна өнім алынды. 500 га майлы дақылдан орташа түсімі 8,3 ц/га-дан 415 тонна өнім алынды.

Тұқым саласы:
2017 жылғы егін себу жұмыстарына 2 355 тонна тұқым дайындалды. Оның 2200 тоннасы тұқым өнгіштігін анықтау мақсатында зертханадан өткізілді. Барлық тұқым 1 классқа жатқызылды.
Биылғы жылы тұқым жаңарту мақсатында 2 шаруа қожалығы 50 тонна элиталық тұқым және «Новонежинка» ЖШС 50 тонна I-репродукциялы тұқым сатып алды.

Механика саласы:
2017 жылда  аудан   бойынша   876 (876)   бірлік   техника  тіркелген, өсім 100 пайыз. Оның ішінде: дөңгелекті трактор – 434 бірлік.  Шынжыр табанды – 45 бірлік.
Егін жинау комбайны – 33 бірлік, жол құрлысы техникалары –  4,  трактор тіркемесі –  360 бірлік. 
Тракторист машинист жүргізуші куәлігіне эмтихан тапсырып және уақытының келуіне байланысты ауыстырып  алған адам саны 4.

хат жіберу