Блог статистикасы
196
Жазбалар
2821
Өтініштер
134789
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

От жағу маусымына дайындық туралы

Жангелдин ауданының өндірістік және әлеуметтік кешендерін 2017-2018 жылдардың  күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындау туралы аудан әкімдігінің №60  10 сәуір 2017 жылғы қаулысына  байланысты   2017-2018 жылдарға қысқы  жылу беру кезеңіне  дайындық барысы туралы жоспар аудан әкімінің орынбасары Ш.Оспановтың қолымен  бекітіліп «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-не ұсынылды, атап айтсақ  электр энергиясы қуатын сапалы және тиімді жеткізу мақсатында  күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары барлығы электр беру желілері  35-220 (кВ) 609,33 шқ, оның ішінде жөнделетіні-192,2, 10/04 (кВ) барлығы 425,89 шқ, оның ішінде жөнделетіні-91,397 шақырым және  қосалқы электр станциялары  35-220 кВ барлығы 10 бірлік, оның ішінде жөнделетіні -3бірлік,  таратушы пунктер трансформаторлық қосалқы станциялар, жинақталған трансформаторлық қосалқы станциялар 10/0,4 кВ барлығы 103 бірлік, оның ішінде жөнделетіні -26 бірлік . Қазандықтар-2 бірлік, автономдық жылу жүйелері-37 бірлік, жылу желілері-0,4 шқ, су құбыры желілері-78,3 шқ және  кәріз желілері-1,9 шқ .
2017-2018 жылдардағы  жылу  беру  кезеңіне  барлық  мекеме, кәсіпорындарға  аудан бойынша қажетті 7386 тонна көмір қажет.
Атап айтатын болсақ  аудандық  бюджеттен қаржыландырылатын  мекемелерге   5845 тонна, республикалық бюджеттен  қажыландырылатын  мекемелерге 293 тонна, облыстық  бюджеттен  қажыландырылатын мекемелерге 1248 тонна көмір және 0,040 мың литр сұйық отын қажет.
Объектілер бойынша 3 тұрғын үйлер, 28 білім ошағы, 20 денсаулық сақтау және 29 әлеуметтік сала объектілері қысқа  дайындалады.
Аудан әкімінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №58 қаулысымен елді-мекенді жерлердің аумақтарын санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру айлығын өткізу  жұмыстары  басталды,  атап айтатын болсақ көктемде 400,түп ағаш егу жоспарлануда, 10 саябақтар қалыпқа келтірілді.

хат жіберу