Блог статистикасы
196
Жазбалар
2591
Өтініштер
112432
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жангелдин ауданының қысқаша мәліметі

Жангелдин ауданы 1928 жылы құрылған, Қостанай облысының оңтүстік-батысында орналасқан, Әкімшілік орталығы – Торғай селосы.
Аудан Қостанай облысының Амангелді, Қамысты және Наурызым аудандарымен шекаралас. Оңтүстік бөлігі Қызылорда және Қарағанды облыстарымен, батыс бөлігі Ақтөбе облысымен шекаралас. Аудан территориясы 37,6 мың кв. м. Халықтың тығыздығы 1 м. кв. 0,4 адам. Халық саны 14,760 мың.
Аудан территориясында 6 ауылдық округ, 8 село, 24 елді мекен, облыс орталығымен арақашықтығы 560 км., Арқалық қаласымен 288 км.
Территорияның жер бедері жазық. (Торғай жырасы). Солтүстік бөлігі шағын көтерілулері бар Торғай үстірті орын алады (Теке, Қызбел, Жыланды, Қарғалы биіктігі 210-310 С. Жауын шашындар жылына 225-275 мм түседі. Аудан территориясы бойынша Торғай, Жаман, Ақкөл, Сарықопа, Жаркөл, Ашытпасор өзендері ағып өтеді. Даласы шөлейтті және өсімдікті. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, андатр, қаз, үйрек, шағала мекендейді. Ауыл шаруашылығының басты саласы мал шаруашылығы (қой шаруашылығы, мал бағу, жылқы бағу, түйе бағу). Аудан территориясы бойынша Торғай – Амангелді-Арқалық, Торғай-Әулиекөл, Қостанай облыстық маңызы бар автомобиль жолдары өтеді. Ә. Жангелдиннің революциялық қызметіне, А. Имановтың жетекшілігімен 1916 көтерілісіне байланысты тарихи орындар бар. Ауданда Қазақстан бойынша Ы. Алтынсарин атындағы алғаш қазақ-орыс мектебі ашылды.

хат жіберу