Блог статистикасы
196
Жазбалар
2596
Өтініштер
113159
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Дене тәрбиесі және спорт

Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі түрғындардың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысу үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл-селоларды қосқанда 83 спорттық ғимарат тұрғындардың спортпен айналысу үшін қызмет атқарады. Оның ішінде стадиондар саны -1, спорттық кешен-1, спорт залдар саны -21, спорттық алаңдар саны -48, теннистік корт-1,  тир -8,   ипподром-1 , жасанды жамылғы төселінген спорт алаңы-2), штаттық дене тәрбиесі қызметкерлері - 95, дене тәрбиесі ұжымдары -46, спорттық секция саны – 144.
Аудан бойынша спорттың 20 түрі бар, соның ішінде 10 олимпиадалық спорт түрлерінде 82 секция бойынша 1758 адам спортпен шұғылданады, 2 ұлттық спорт түрлерінде 31 секция бойынша 443 адам спортпен айналысады, 4 олимпиадалық емес спорт түрлерінде 22 секция бойынша 284 адам спортпен шұғылданады, 4 мүгедектер спорт түрлерінде 7 секция бойынша 96 адам спортпен айналысады.
Аудан бойынша салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты 2017 жылы 625 спорттық іс-шаралар өткізілсе, ал 2016 жылда 617 спорттық іс-шара өткізілді.Былтырғы 2016 жылымен салыстырғанда 101,2% пайызды құрайды.
Аудан бойынша жоспарлы түрде кең ауқымды спорт жарыстары және спорттық іс-шаралар өткізіліп келеді.

хат жіберу