Блог статистикасы
195
Жазбалар
3371
Өтініштер
146387
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 84-қадамы әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып,оңтайландыруды көздейді.
Елімізде 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектер енгізіледі. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасыларына берілетін әлеуметтік төлемдердің орнына отбасының табысына сәйкес жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Бағдарламаның негізінде Әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту жоспарланып отыр, кедейлік шегі 2018 жылдан бастап 40 пайыздан 50 пайызға дейін көтеріледі.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тағы бір ерекшелігі егер отбасындағы азаматтар еңбек етуге қабілетті болса, онда көмек әлеуметтік жұмыс ұсыну аясындағы келісімшарт негізінде жасалады. Бұл ретте отбасының еңбек етуге қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға міндетті болады. Егер еңбек етуге қабілетті азаматтар мұндай шаралардан бас тартатын болса, онда атаулы әлеуметтік көмек тек отбасындағы балаларға ғана тағайындалатын болады. «Заң жобасына сәйкес, отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері болмаған немесе олар белгілі себептерге байланысты жұмыс істей алмайтын болса, онда ондай отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек келісімшартсыз табыстың мөлшеріне қарай тағайындалады».
Бағдарламаға қатысамын дегендер жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ауыл және ауылдық округ  әкімдігіне  өтініш беру қажет.
2018 жылдан тағайындалатын жаңа форматтағы бірыңғай жәрдемақы-атаулы әлеуметтік көмек енгізілетін болады.Жәрдемақы өзіне табысы аз отбасыларға қолданыстағы үш әлеуметтік төлемді біріктіреді,олар   төрт және одан да көп балалары бар бар отбасыларға арналған  мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларына жергілікті бюджет есебінен берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек.
Атаулы көмек шартты атаулы әлеуметтік көмек және шартсыз тағайындалатын көмек ретінде беріледі.
Шартты атаулы көмек аз қамтылған отбасындағы еңбек жасындағы азаматтардың міндетті түрде мемлекеттің жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда, ал шартсыз ақшалай көмек отбасында жұмысқа жарамды азаматтары жоқ отбасыларына тағайындалатын болады.
Толығырақ ақпарат алу үшін Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі ММ-сіне , Жангелдин ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына мына телефондарға хабарласуға болады 21-6-84,21-6-89, 26-3-59.

Жангелдин ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ сі


хат жіберу