Блог статистикасы
196
Жазбалар
2593
Өтініштер
112917
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Мемлекет басшысы әлеуметтік қорғаудың атаулы жағын күшейте отырып, оның тетіктерін жетілдіру жөнінде міндет қойды,  яғни әлеуметтік көмек тек қана нақты мұқтаж азаматтарға ұсынылатын болады.
«Бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 84 – қадамын іске асыру шеңберінде, 2015 жылғы 28 қазанда  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы  қабылданды.
Заңда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әр отбасы мүшесіне шаққанда табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан (бүгінде - 40%) төмен болған жағдайда отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібін енгізу көзделген, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек қазіргі кезде қолданыстағы: көпбалалы отбасыларға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақының (АМЖ), аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақының (МБЖ)  және аз қамтылған үй шаруашылықтарына бері¬летін атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) орнына тағайын¬далады.
Көмек алушылар үшін қазіргі шекті деңгей:
- Атаулы әлеуметтік көмекті алу ең төмен күнкөріс деңгейінің 21819 теңгенін 40 пайызын құрайды. Қостанай облысы бойынша 2017 жылғы 3 тоқсанға кедейлік шегі 8728 теңге мөлшерінде есептеледі;
- Егерде отбасының  жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болса (2017 жылдың 3 тоқсаны -13091 теңге), онда мемлекет 18 жасқа дейінгі әрбір балаға 2383 теңгеден  төлейді;
- 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасылар табыстары есепке алынбай,  9440 теңге мөлшерінде  арнайы мемлекеттік жәрдемақысын алып отыр.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.
Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек құрамында еңбек етуге қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ отбасының барлық еңбек етуге қабі¬летті мүшелері жұмыспен қамту шараларына мін¬детті түрде қатысқан жағдайда (тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, жастар тәжірибесі, кәсібі немесе мамандығы бойынша оқыту немесе қайта оқыту), жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға және жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға беріледі.
Халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына көмек көрсету үшін еліміздің Үкіметі Дүниежүзілік банктің қолдауымен шартты ақшалай көмек көрсетуді қарастыратын «Өрлеу» жобасын іске қосты. Біздің ауданда қанатты жоба 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап іске қосылды.
2016 жылы «Өрлеу» жобасына 5 отбасы ( 37 отбасы) мүшелері қатысты, осының еңбекке қабілетті 7 адамы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жұмысқа тартылған азаматтарға жалақысынан басқа жоғары мөлшерде ақшалай көмек және әлеуметтік қолдаудың белсенді шаралары жасалды.
«Өрлеу» жобасына 2016 жылы Республикалық бюджеттен  қаражат қаралып төленді. Осылардан мал алып жеке шаруашылығын түзегендер: Габдрахманова Акерке, Есенжолова Элмира, Кәмеш Базаркүл, Сужарғаннан Қангожин Асқар, Сейдахметов Қасқырбай өкінішке орай отанасы бақилық болып кетті.
2017 жылдың  сәуір айынан тамыз айына дейін «Өрлеу» жобасына қатысушылар саны 22 адамды (4 отбасы ) құрап, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім – шартымен қамтылып отыр.
Жобаға қатысушылар жеке шаруашылығын дамытуға (мал) жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға (тігін машинасы)  жобаның шарты болып табылатын міндеттемелерді өз мойындарына  алып отыр.
Қатысушылардың 16 -сы 18 жасқа дейінгі бала, еңбекке қабілеттілері 6 адам, осының  1-і тұрақты жұмысқа орналастырылды,  2-і ақылы қоғамдық  жұмысқа 6-айға орналастырылды, 1-і Арқалық қаласына білімін жетілдіру үшін кәсіптік оқуға  3 айға тоқ жөндеуші мамандығы бойынша жіберілді, 2-уі жұмыс істеушілер болып  табылады. Олар: Кошанова Кулаш, Мейрамова Салтанат, Досымбаева Бахыткүл, Губайдуллина Галия.
«Өрлеу» жобасы, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021ж. » бағдарламасы, атаулы әлеуметтік  көмектің жаңа форматын іске асыру туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөнінде халыққа ақпараттық - түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері 30 рет (Торғай, Тәуіш, Сарысу, Тоқанай, Тентексай, Қалам-Қарасу, Шұбалан, Ақшығанақ, Түйемойнақ, Шеген, Аралбай, Көкалат, Сужарған,Саға, Ақкөл, Қарасу) елді мекендердің халқымен кездесіп ақпараттық - түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысқандар саны 2017 жылдың 20 шілдесінде 2682 адам, оның ішінде жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жалдамалы жұмыс істейтіндер, 3 жасқа дейінгі бала күтіміндегілер, әлеуметтік жардемақы алушылар  және тағы  басқаларды құрайды. «Өрлеу»  жобасына қосымша тағы қаражат қарастырылуда, ондағы негізгі шарт еңбекке қабілетті жанұя мүшесі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана төлейтін болатынын еске саламын.
Жалпы алғанда кей адамдарда «жұмыс жоқ» деген сылтау, әйтпесе жалдамалы жұмысқа барғысы келмейді, ал келер жылдан бастап нақты жұмыс жасап оны зейнетақымен нақтылаған жағдайда ғана жаңа форматтағы атаулы көмек төленетін болатынын ескеруіміз керек.
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі  консультантпен ассистенттер  ауылдарда тұрғындармен кездесіп  аталған бағдарламаға жүгінетін үміткерлерге  консультация беріп, әнгімелесу парағын толтырып жатыр.
Еліміздегі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы АӘК-ке көшу жұмыстарын бір адамдай ат салысады деп сенім білдіремін.

Ляззат Зейнекина
«Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің» басшысы

хат жіберу