Блог статистикасы
196
Жазбалар
2655
Өтініштер
124655
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

«Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі» КММ –нің қамқоршылық кеңесінің
ХАТТАМАСЫ № 1

Торғай ауылы                                                                            16.11.2017 жыл

Жиналысқа қатысқаны-9 адам
Қатыспағаны-0

1.    Ибраев Асылбек  - кәсіпкер
2.    Құлмағанбетова Ақмарал- ата-ана
3.    Ахметбеков Байбатыр – аудандық ақпараттық тілші
4.    Аманкельдина Эльмира – мұғалім
5.    Темирова Жанат- Аудандық білім бөлімі әдіскер
6.    Құлжанов Жасқыран- аудандық  әкімшілігінде бас маман
7.    Нұрмағанбетов Талғат –ата-ана
8.    Тұрсынбек Алмас- аудандық ішкі істер бөлімі
9.    Омарова  Жаңагүл- селолық әкімшілікте маман

Күн тәртібіндегі мәселелер:

1.Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру (төраға, хатшы сайлау)
2.Қамқоршылық кеңестің жылдық жұмыс жоспарын бекіту.

Күн тәртібіндегі мәселер бойынша тыңдалды:

Шаймов Б- мектеп директоры:  «Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебіі» КММ жанынан құрылған  қамқоршылық кеңесінің төрағасын және хатшысын тағайындау туралы түсінік жұмыстарын түсіндірді. Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарының үлгісі ұсынылды. Қамқоршылық кеңестің  төрағалығына  Құлжанов Жасқыранды, хатшылыққа Аманкельдина Эльмираны  ұсынамын. Құлжанов Жасқыран осы мектептің түлегі, жақсы оқыған білімді азамат ретінде білеміз және балалары да қәзіргі уақытта осы мектепте білім алуда. Жасқыран өз ісіне жауапкершілікпен қарайтынына сенім артып,  қамқоршылық кеңесінің төрағалығын абыроймен атқаратындығына сенім білдіремін.

Сөз сөйлеушілер:

Құлмағанбетова Ақмарал - ата-ана:  Б. Шаймовтың  ұсынысын қолдаймын. Жасқыран аудандық әкімшілікте қызмет істеуімен қатар мектептегі бала тәрбиесіне үнемі көңіл бөліп отырады және де мектеппен тығыз байланыс жасай алады деп ойлаймын. Қоғамдық  іс-шараларына белсене араласады, жоғары білімді,ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз ісіне  жауапкершілікпен қарайды. Сол себепті, Ж. Құлжановты «Ш. Уәлиханов  атындағы орта мектебі» КММ жанындағы қамқоршылық кеңесінің төрағасы болуға лайықты деп ойлаймын және осы бүгінгі құрамда келіп отырған кеңес мүшелері бірауыздан келіседі деп ойлаймын.
Нұрмағанбетов Талғат -ата-ана: Менде осы ұсынысты қолдаймын. Барлығымыз бірігіп осы жұмысты жауапкершілікпен атқаруды міндетіміз деп санаймын. Жасқыран Құлжанов төраға қызметке лайықты.
Тұрсынбек Алмас- аудандық ішкі істер бөлімі: Мен осы мектеппен тығыз байланыста жұмыс істеймін және үнемі жұмыстардың жүріп  жататынына куәмін. Мектеп мұғалімі ретінде Аманкельдина Эльмираны  қамқоршылық кеңестің хатшысы ретінде сайлауды ұсынамын.

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Ш. Уәлиханов  атындағы орта мектебі» КММ жанынан құрылған  қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Жасқыран Құлжанов  тағайындалсын.
2.«Ш. Уәлиханов  атындағы орта мектебі» КММ жанынан құрылған  қамқоршылық кеңесінің хатшысы  болып Эльмира Аманкельдина  тағайындалсын.
3.Қамқоршылық кеңестің жылдық жұмыс жоспары бекітілсін.

«Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі»
КММ жанынан құрылған
қамқоршылық кеңесінің төрағасы:                                                                        Ж. Құлжанов


                                                         Хатшы:                                                                       Э. Аманкельдина

хат жіберу