Блог статистикасы
196
Жазбалар
2593
Өтініштер
112917
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

«Өрлеу» жобасы – тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы. Бұған дейін елде кедейлік шегінен төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілетін. Енді «Өрлеу» жобасы аясында ай сайын қаржы төлеу қарастылыпты. Бұл тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын жақсартуға арналған. Тек жобада көрсетілген шарттарды орындаса болғаны. Мәселен, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шартын жасасу және отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу керек. Осы жоба аясында ауданда да біршама игі істер атқарылып жатыр. Жангелдин ауданы бойынша 5 отбасыға (37 адам) шартты ақшалай көмек көрсетілді. Сол «Өрлеу» жобасына қатысқан 5 отбасының бірі мен едім. Жолдасым жұмыссыз, өзім бала күтіміндемін. 2016 жылдың қараша айында «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не «Өрлеу» жобасына қатысу мәселесі жөнінде кеңес алу үшін жүгініп, сол жердегі мамандардан қажетті ақпаратты алдым. Өрлеу жобасы әлеуметтік тұрмысы төмен, табысы аз отбасыларға таптырмас мүмкіндік екенін түсініп бірден осы жобаға қатысуға өтініш білдірдім. 2016 жылғы қараша айынан бастап отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына отырдым. Менің отбасымда барлығы 7 адам, кәмілетке толмаған 4 балам бар, ұлым Қабылшақ Ұлан Әділбекұлы «Арқалық медициналық колледжі» МКҚК Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқу нысанының күндізгі бөлімінде, ақылы негізде білім алып жатыр.Үш балам мектепке оқиды бір балам мектеп жасына дейінгі.Жолдасым екеуміз де еңбекке жарамды болып табыламыз, сол уақытта өзім бала күтімінде болғандықтан жолдасым Әділбек Досекеев «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-не от жағушы болып жұмысқа орналастырылды. Өзім қазіргі таңда «Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі» ҚММ-не еден жуушы болып жұмысқа тұрдым. Балаларыма 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы аламын, оның сыртында осы жоба бойынша мемлекеттен берілетін Шартты ақшалай көмектің (ШАК) айына 53672 теңге, 6 айға 322032 теңге алдым. Осы берілген көмекті тиімді пайдаланып 3 бас ірі-қара мал және жем-шөбін сатып алдым. Алдағы уақытта осы алынған малдың санын көбейтіп жеке қосалқы шаруашылығымызды дамытып, отбасымның әлеуметтік жағдайы түзеледі деп есептеймін.

                                                                                                              

Элмира ЕСЕНЖОЛОВА
«Күміс алқа иегері»
көп балалы ана

хат жіберу