Блог статистикасы
196
Жазбалар
2733
Өтініштер
131558
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Жангелдин ауданынының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жыл басынан бері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  Бес институционалдық реформа «100 нақты қадам»  ұлт жоспарының орындалуы аясында ауыл-ауылдарды аралап, «Өрлеу» жобасы,  Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік  көмек, Базалық зейнетақы жүйесіне енген өзгертулермен толықтырулар, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы  жөнінде халыққа ақпараттық - түсіндірме жұмыстарын  ж үргізуде.
Жыл басынан бері 30 рет (Торғай, Тәуіш, Сарысу, Тоқанай, Тентексай, Қалам-Қарасу, Шұбалан, Ақшығанақ, Түйемойнақ, Шеген, Аралбай, Көкалат, Сужарған, Саға, Қарасу, Ақкөл) елді мекендердің  халқымен кездесу өткізілді.
Қатысқандар саны 2017 жылдың 21 шілдесінде 2682 адам, оның  ішінде  жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жалдамалы жұмыс істейтіндер, үш жасқа дейінгі бала күтіміндегілер және тағы басқа да адамдар бар.
2017 жылдың 1шілдесінен бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізілді. Бұл жүйе Мемлекет басшысының тапсырмасына сай  қолға алынған Ұлт  Жоспары – бес институттық  реформаны  жүзеге асыру  жөніндегі «100 нақты қадамның»  80-ші қадамына байланысты және  Денсаулық сақтау саласын дамытудың  2016–2019  жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр.  Жұмыс берушілер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына  2017 жылдың 1шілдесінен бастап – әр жұмыскердің табысының 1%,  2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап –1,5%,  2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап – 2%,  2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап – 3% көлемінде.
Дара кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар жарналары 2017 жылы ең төменгі 2 айлық жалақыдан 5%, белсенді емес енжар халық 2018 жылдан бастап ең төменгі 1 айлық жалақыдан  5% аударады. Сақтандыру қорына жарна аударудан халықтың 15 санаты босатылады.
Ұлт жоспарының 84-ші қадамына байланысты, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағайындалатын  жаңа форматтағы бырыңғай жәрдемақы-атаулы әлеуметтік көмек енгізілетін болады. Жәрдемақы өзіне табысы аз отбасыларға қолданыстағы үш әлеуметтік төлемді біріктіреді, олар  төрт және одан да көп балалары бар  отбасыларға арналған  мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларына жергілікті бюджет есебінен берілетін  жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек.  Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз болып екіге бөлінеді. Шартты атаулы көмек аз қамтылған отбасындағы еңбек жасындағы азаматтардың  міндетті түрде мемлекеттің жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда,  ал шартсыз ақшалай көмек отбасында жұмысқа жарамды азаматтары жоқ отбасыларына тағайындалатын болады.
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана тағайындалатын болады. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне ынтымақты жүйесінде (1998 жылғы 1 қаңтарына еңбек өтілі) істеп шыққан өтілін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналар аударған кезеңін (зейнетақы жарналары аударылған нақты өтілі) қосады. Егер де азаматтың еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе еңбек өтілі мүлде болмаса онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің  50%-ын құрайды. Базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан артық әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады, өтілі 35 жыл және одан көп болған жағдайда күн көріс деңгейінің 100%-ын құрайды. Бұл өзгерістер бір жағынан, еңбек өтілі көп болғанымен, табыстары туралы мәліметтердің болмауы себепті төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге  қатысты әлеуметтік әділдік орнатуға, екінші жағынан, бүгінгі және болашақ қызметкерлерді еңбек қатынастарын заңдастыруды ынталандыру үшін мүмкіндік беред.
2017 жылдың қаңтар айында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017–2021 жылдарға арналған»  жаңа  бағдарлама іске қосылды. Бағдарламаның  басты мақсаты  халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды  кәсіпкерлікке тарту  болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай үш бағыт бойынша жүргізілетін болады:
1) Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
Қолайлы жұмыс табылмаған тұлғаларға  қоғамдық жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама беріледі.  Білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген  мамандығы  бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін  алуы мақсатында,  3 жыл ішіндегі және 29 жастан аспаған түлектер жастар практикасына қатыса алады. Кәсіпкерлік  іспен айналысқысы келетін тұлғаларға  немесе  бизнесін кеңейткісі  келетін  кәсіпкерлерге шағын  несие беріледі. Осындай мүмкіндікті  тиімді пайдалана отырып, еліміздің өркендеуіне атсалысайық  ағайын!!!

«Жангелдин ауданынының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ


хат жіберу