Блог статистикасы
195
Жазбалар
3371
Өтініштер
146386
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Торғай жері қай кезде де даланы дүбірлетіп төрт түлігін өсірген,жерге аянбай тер төгіп бидай өсірген,небір ғалым,заңғар ұстаз шыққан киелі де қасиетті жер. Торғай өңірінен шыққан еңбек майталмандарын жас ұрпаққа дәріптеп,өмірі мен еңбек жолдары туралы жеткізу бізге міндет. Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті.
Кеңес үкіметі кезінде аты дүркіреп тұрған егінді совхоздың бірі –Бидайықта Кеңестік Одақ тарап,жұмыс тапшылығы мен күнкөріс қамымен жұрт жаппай қалаға,далаға көшкенде бас аяғы 20 жуық үй қалған еді. Бұл кез өмірге нарық түсінігі еніп, жаппай жекешелендірудің басталған кезеңі болатын. Заман талабын ескере отырып, бәрін ой елегінен өткізген Сайран ағамыз ауылда қалған ағайынды түгендеп, «Қызбел даласында еңбек көрігін қыздырған Райсовтар отбасы болатын. Еңбек ұжымымен бұл мәселені жан-жақты талқылап, бірігуге бел буды. Ауыл ақсақалдары, әріптестері оған сенім артты. Сөйтіп, дүниеге «Арна» ЖШС келді Шаруашылық қожалығын басқарып,балаларына бас-көз боп,тура жол нұсқаған отбасының басшысы Раисов Сайран сол кезіндегі техниканың ескілігі,жанар-жағар май тапшылығы,тұқымның сақталу сапасының төмендігі,жалақы мәселесі секілді қиындықтарды жеңе білді.Әрине бірден бәрі қаз тұрып кеткен жоқ, деседе отбасының ұйымшылдығымен,балалардың еңбекқорлығымен қожалығының шаруасы өрге жүре бастады. Еңсесін тіктеген шаруашылық жыл өткен сайын егісінің көлемін ұлғайтып диқандар қауымына Елбасының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басым бағыт беріп отырғандығын, осыған байланысты ауыл шаруашылығын әртараптандыру мақсатында Раисовтар әулеті де мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыс жасап, Торғай жерінде мал да өсіріп ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.
Мал тұқымын асылдандыру бағыты бойынша «Сыбаға» бағдарламасына қатысып,ауданның әлеуметтік –экономикалық жағына да үлес қосып келеді.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар;рухани жаңғыру»мақаласындағы Туған жер бағдарламасы шеңберінде берекесі тарқамаған ауылдың жағдайын жақсартуға,ауданның әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына да, әр салада өтіп жатқан түрлі бағыттағы іс шараларға да, қазақтың дана сөзімен айтқандай«бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, «Алмас»шаруақожалығының басшысы Қайрат Сайранұлы демеушілік жасап келеді.Жыл қортындысы бойынша Ауылшаруашылығы күні Қайрат Сайранұлына аудан әкімінің грамотасы және «үздік меценат» сыйлығы берілді. Диханшылық оңай жұмыс емес. Жаздың алапат ыстығында да,қытымыр қыстың күні де дихан тек жатпайды.Жер өздігінен жыртылмайтынын, астықтың себілмейтінін, оның орылып, өздігінен қырманға келмейтінін, механизаторсыз бірде-бір іс тынбайтынын біз бәріміз де білеміз Ал,бүгінгі әңгіме «Алмас»
шаруақожалығының механизаторы Қанат Сайранұлы туралы болмақ.Қанат әке жолын қуып,1986 жылы Торғай кәсіптік-техникалық училищесін бітірген соң Совет Армиясы қатарында әскери міндетін өтеп келді. Әскерден келгеннен кейін Бидайық кеңщарында №5 бригадаға механизатор болып орналасты.Нағыз қайнаған еңбектің ортасында,жар құлағы жастыққа тимей жұмыс істеді.Қанат Сайранұлының еңбегі елеусіз қалған жоқ,бірнеше мәрте алғыс хаттармен құрмет грамоталарымен мараппатталды.Еңбек еткеннің еңсесі биік демекші,еңбегіне лайық 3-дәрежелі «Даңқ» орденін төсіне тақты.Ол шаруақор дихан ғана емес,үлгілі отбасының иесі де. Жары Данагүл екеуі 6 бала тәрбиелеп өсіріп отыр. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Ауыл – біздің қастерлі ата қонысымыз, тіршілік-тынысымыз, киелі алтын тамырымыз. Ауыл шаруашылығы қашанда ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болған, солай бола береді де», деген еді. Расында, ауыл – қазақтың негізгі күретамыры, алтын бесігі. Сондықтан, ауыл шаруашылығын дамыту – елді мекендердің еңсесін тіктеу, ауылдардың ажарын кіргізу – бәріміздің міндетіміз.

«Жангелдин ауданы ішкі саясат
бөлімі»ММ бас маманы
С.Дүйсенова

хат жіберу