Блог статистикасы
196
Жазбалар
2593
Өтініштер
112917
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары-100 нақты қадам» бағдарламасының 84-қадамына сәйкес, «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады». Осы қадамды орындау үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V ҚР Заңы қабылданды (2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді).
Осы заңға сәйкес 2018 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енетін Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмектің айырмашылығы, осы уақытқа дейін қолданылып келген үш түрлі жәрдемақыны біріктіріп төленетін болады. Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.
Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын аз қамтылған отбасыларға беріледі. Мұндай аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек қандай да бір шартсыз тоқсан сайын тағайындалып, ай сайын төленеді.
Шартты атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға немесе еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы. Осы мақсатта, әлеуметтік қызметтер мен қызмет алушылар арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады. Әлеуметтік келісімшарт 6 айға қол қойылады және оны тағы 6 айға дейін создыру мүмкіндігі беріледі. Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара міндеттер алады: әлеуметтік қызметтер – жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күш салуға және төлемдерді төлеуге, ал отбасының еңбекке қабілетті мүшелері – отбасын аз қамтылған топ құрамынан шығаруға бағытталған әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысуға міндеттенеді.
Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Зейнекина Ляззат Жақсылыққызы мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші Бақытжанов Марғұлан аудан бойынша барлық елді мекендерді аралап, аудан тұрғындарына Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша ақпаратты халыққа түсіндіріп, барлық сұрақтарына жауап берді, сонымен қаттар әлеуметтік жұмыс жөніндегі көмекшілер үй-үйді аралап халықпен жұмыс жасауда, дегенмен осы мәселеге өте мән берілуі қажет. Себебі жаңа нысандағы АӘК күн көріс деңгеінің 50 %-ынан төмен тұратын еңбекке қабілетті жандар үшін таптырмайтын зор мүмкіндікті тиімді пайдаланса, әр бір жағдайы төмен отбасының күн көріс деңгейі жақсаратыны сөзсіз. АӘК- тің мөлшері де бұрынғымен салыстырғанда жоғары, яғни отбасының барлық мүшелеріне төленеді. Менің ойымша ақша жоқ, жағдай жоқ дегенше берілген мүмкіндікті пайдаланса бәрі де жақсы болады.
Аудан тұрғындарына сөз соңында айтарым, Елбасының бастамасымен жасалып жатқан бағдарламасына үлкен мән беріп, оның жүзеге асуына өз үлесімізді қосып, белсенділік танытайық!

Бирмагамбетов.К
Жангелдин аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы

хат жіберу