Блог статистикасы
196
Жазбалар
2856
Өтініштер
135681
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аймақ жаңалықтары

ИВАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ
ХАТТАМАСЫ № 1

Торғай селосы                                                                                      28 қараша 2017 жыл

Қатысқаны-9
Қатыспағаны-0

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1.«Н.Г.Иванов атындағы орта мектебі» КММ жанындағы қамқоршылық кеңесінің төрағасын және хатшысын тағайындау туралы

ТЫҢДАЛДЫ: 

Нұрғазин Б- Жангелдин ауданының ішкі істер бөлімінің қызметкері.
Күн тәртібіндегі  мәселе бойынша. «Н.Г.Иванов атындағы орта мектебі» КММ жанынан құрылған  қамқоршылық кеңесінің төрағасын және хатшысын тағайындау қажеттігін айтты. Қамқоршылық кеңестің  төрағалығына К. Елеуітованы, хатшылыққа А.Абеуованы ұсынды. К.Елеуітова аудан көлемінде танымал кәсіпкерледің бірегейі, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтынына сенім артып,  қамқоршылық кеңесінің төрағалығын абыроймен атқаратындығына сенім білдіремін.

СӨЙЛЕДІ:

Балабаева А- ата-ана.
Б.Нұрғазиннің ұсынысын қолдаймын. К.Елеуітова Жангелдин ауданына танымал кәсіпкер. Ауданның қоғамдық  іс-шараларына белсене араласады, жоғары білімді,  білім саласында басқарушылық қызмет атқарған. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз ісіне  жауапкершілікпен қарайды. Сол себепті, К.Елеуітова «Н.Г.Иванов атындағы орта мектебі» КММ жанындағы қамқоршылық кеңесінің төрайымы болуға лайық.
А.Абеуова да аудан кәсіпкерлерінің бірі, үлгілі отбасы, жақсы ата-ана. «Н.Г.Иванов атындағы орта мектебі» КММ жанынан құрылған  қамқоршылық кеңесінің хатшысы  болуын қолдаймын.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.«Н.Г.Иванов атындағы орта мектебі» КММ жанынан құрылған  қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып К.Елеуітова тағайындалсын.
2.«Н.Г.Иванов атындағы орта мектебі» КММ жанынан құрылған  қамқоршылық кеңесінің хатшысы  болып А.Абеуова  тағайындалсын.

«Н.Г.Иванов атындағы орта мектебі»
КММ жанынан құрылған
қамқоршылық кеңесінің төрайымы:                                                              Елеуітова К.


                                                            Хатшы:                                                              Абеуова А.

хат жіберу