Блог статистикасы
196
Жазбалар
2591
Өтініштер
112473
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аудан әкімі аппаратының құрылымы

Жангелдин ауданының әкімі
Оспанов Шота Сабитбекович



1968 жылы 27 қарашада Қостанай облысы Жангелдин ауданы Збан селосында туған.
1993 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Еңбек қызыл ту Ордені ауылшаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1984 жылы Жангелдин ауданында ПМК-1505 құрылысшы болып бастаған.
1985 жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін Жангелдин ауданы ПМК-1505 құрылысшы болып жұмыс атқарған.
1985 жылдың қыркүйек айынан 1986 жылдың маусым айына дейін КТУ-2 білім алған.
1993-1995 жылдар аралығында Жангелдин ауданының материалдық-техникалық кәсіпорнының директорының жабдықтау жөніндегі орынбасары.
1995-1998 жылдар аралығында «Арқа» АҚ автокөлік бөлімінің бастығы.
1998-1999 жылдар аралығында «Бесқопа», «Байтұрсынов», «Торғай» ЖШС –де конкурстық басқарушы.
1999-2001 жылдары аудан әкімінің аппаратының басшысы.
2001-2002 жылдары аралығында Жангелдин ауданы әкімі аппаратының ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы.
2002 жылдың қаңтар айынан 2002 жылдың сәуір айына дейін Жангелдин ауданының ауылшаруашылығы басқармасының  бастығының орынбасары.
2002 жылдың сәуір айынан 2004 жылдың желтоқсанына дейін Жангелдин ауданының ауылшаруашылығы басқармасының бастығы.
2004 жылдың желтоқсан айынан 2005 жылдың желтоқсан айына дейін Жангелдин ауданының ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы.
2005 жылдың желтоқсанынан 2007 жылдың қаңтар айына дейін Жангелдин ауданының ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы.
2007 жылдың қаңтар айынан 2008 жылдың тамыз айына дейін Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары.
2008 жылдың тамыз айынан 2009 жылдың қаңтар айына дейін Торғай селосы әкімінің міндетін атқарушы.
2009 жылдың қаңтар айынан 2009 жылдың наурыз айы аралығында Жангелдин ауданы Торғай селосының әкімі.
2011 жылдан  2012 жылдың сәуір айы аралығында «Жұмыспен қамту орталығы» МКҚК директоры.
2012 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың шілде айы аралығында Жангелдин ауданы әкімінің  орынбасары міндетін атқарушы.
2012 жылдың шілдесі мен 2013 жылдың ақпан айы аралығында Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары.
2013 жылдың  тамыз айы мен 2013 жылдың қараша айы аралығында  Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарушы.
2013 жылдың қараша айы мен 2017 жылдың маусым айы аралығында Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2017 жылдың маусым айынан бастап Жангелдин ауданының әкімі.


Лауазымдық міндеттері
Ауданда Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, басқа жоғары тұрған мемлекеттік органдарының актілерін орындалуын ұйымдастырады, ауданның халық-шаруашылық кешені жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстық әкімдікпен өзара іс-әрекеттер жүргізіеді, «Қазақстан-2030» Стратегиясының орындалуын бақылайды.
Кадрлық саясатты жүзеге асырады.
Мыналардың қызметіне басшылық жасайды:
•    аудан әкімдігінің;
•  қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі аудандық кеңестің;
•    аудандық бюджеттік комиссиясының
Жұмысын үйлестіреді:
•    аудан әкімі орынбасарларының;
•    аудан әкімі аппараты басшысының
•    село мен селолық округтері әкімдерінің;
•    аудандық әкімдігі бөлімдер басшыларының
Мыналармен бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады:
•    село және селолық округтерінің әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен;
•    аудандық ішкі істер бөлімімен;
•    аудандық прокуратурамен;
•    қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімімен;
•    аудандық әділет басқармасымен;






Aудан әкімінің орынбасары
Қарағұл Кемеңгер Қарағұлұлы



Аудан әкімінің орынбасары сәулет және қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары жөніндегі мәселелері бойынша.

Лауазымдық міндеттері
Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұйымдастыру, инвестиция тарту, коммуналдық шаруашылықтың жұмысын жақсарту, тұрғын үй құрылысын дамыту, транспорт, автомобиль жолдары, жолаушылар тасымалы, құрылыс сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімінің жұмыстарын үйлестіреді;
Жангелдин ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімімен;
Аудандық өртке қарсы қызмет бөлімімен;
Аудандық  телекоммуникация дирекциясымен;
Аудандық телемұнарамен;
Аудандық электр жуйесі мекемесімен бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады. Олар айналысатын жұмыс салалары және іс-қимылдарының  жағдайы туралы аудан әкімі мен әкімдігін сараптамалық-анықтамалық ақпаратпен қамтамасыз етеді; Облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының және облыс әкімі аппаратының басшысының, облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларының, аудан әкімінің тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындалуын қадағалайды; Аудан  әкімінің тапсырмаларын орындайды; Бірін-бірі ауыстыру тәртібіне байланысты лауазымдық міндеттерді атқарады, жетекшілік жасайтын мемлекеттік мекемелердің білікті мамандармен қамтамасыз етілуі жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді және ол мекемелердің қызметіне бақылау жасайды.






Aудан әкімінің орынбасары
Бидашев Динмуханбет Серикович

Аудан әкімінің орынбасары қаржы, экономика, коммуналдық және иесіз меншік, мемлеккеттік сатып алулар, мәселелері бойынша .
1981    жылдың    28   қазанында   Қостанай    облысы,
Жангелдин ауданы, Торғай селосында  дүниеге келген.
1999   жылы  А.Байтұрсынов атындағы  Қостанай  мемлекеттік    университетінің экономист-құқықтанушы 
мамандығы бойынша оқуға түсіп, аталған оқу орнын 2004 жылы аяқтаған. 2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметкер.

Лауазымдық міндеттері
Аудан көлемінде Қазақстан Республикасындағы атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре отырып, жүзеге асыруда аудан әкімі мен әкімдігінің іс-қимылын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жұмыстар жүргізеді. Салық түсімдерін молайту, салық көздерін іздестіру базасын ұлғайту, алкагольдік және өзге де акциздік өнімдердің айналымына бақылау орнатуға, экономиканы дамыту, аудан бюджетін қалыптастыру, бәсекелестікті дамыту; Банк-қазынашылық, статистика қызметін үйлестіру; Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және осы Заңға аудан әкімі аппаратының қызметін сәйкес келтіру мақсатында міндеттерді бөлу ретіне байланысты аудан әкімінің орынбасары лауазымы құзыретіне орай Жангелдин ауданының қаржы бөліміне; Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспралау бөліміне; Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөліміне жетекшілік жасайды; Жангелдин ауданы бойынша салық басқармасымен; Жангелдин ауданының қазынашылық басқармасымен, Жангелдин аудандық статистика басқармасымен бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады. Олар айналысатын жұмыс салалары және іс-қимылдарының  жағдайы туралы аудан әкімі мен әкімдігін сараптамалық-анықтамалық ақпаратпен қамтамасыз етеді; Облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының және облыс әкімі аппаратының басшысының, облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларының, аудан әкімінің тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындалуын қадағалайды; Аудан  әкімінің тапсырмаларын орындайды; Бірін-бірі ауыстыру тәртібіне байланысты лауазымдық міндеттерді атқарады, жетекшілік жасайтын мемлекеттік мекемелердің білікті мамандармен қамтамасыз етілуі жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді және ол мекемелердің қызметіне бақылау жасайды.






Aудан әкімінің орынбасары
Торбаев Бакытжан куанышбекович


Аудан әкімінің орынбасары ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері бойынша .
Торбаев Бақытжан Қуанышбекұлы 1977 жылы 7 ақпанда Жангелдин ауданы, Шеген ауылында дүниеге келген.
1999 жылы Арқалық қаласы Ы.Алтынсарин атындағы педогогикалық институтын биология - география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдаған.
2001 жылы Жангелдин ауданы Ш.Уәлиханов орта мектебіне биология-география пәні мұғалімі болып бастаған.
2004-2005 жылдары аралығында осы аталған мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары.
2005-2006 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары.
2006-2008 жылдар аралығында "Жангелдин ауданы білім беру бөлімі" ММ-нің бас маманы.
2008 -2010 жылдары аралығында "Жангелдин ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-нің бастығы.
2010 жылдан 2017 жылдың маусым айына дейін Ақшығанақ ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған.
2017 жылдың маусым айынан бастап Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары.

Лауазымдық міндеттері
Аудан көлемінде ұйымдар, партиялар, шығармашылық одақтар мен денсаулық саласына, салауатты өмір салтын орнықтыру, туризм және спорт мәселелерінің өріс алуы ісіне, көркемөнерпаздықты дамытуға жетекшілік етеді; Демография мен күн көрісі төмен отбасыларына қолдау көрсету мәселесіне жетекшілік етеді. Баспасөз, пошта қатынасы; Діни бірлестіктері жұмысына бақылау, жастармен жұмысты қадағалайды; Ардагерлер кеңесінің жұмысына қамқорлықтар жасайды, қайырымдылық жасайды, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады, қорлармен жұмыс жасайды; Аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінегі ведомствоаралық комиссияға басшылық жасайды, есірткі және есірткі бизнесмен күрестің аумақтық бағдарламаларының жүзеге асырылыуына бақылау жасайды; Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және осы Заңға аудан әкімі аппаратының қызметін сәйкес келтіру мақсатында мідеттерді бөлу ретіне байланысты аудан әкімінің орынбасары лауазымы құзыретіне орай Жангелдин ауданыньщ білім беру бөліміне; Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне; Жангелдин ауданының ішкі саясат бөліміне; Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне; Жангелдин ауданының дене тәрбиесі және спорт бөліміне;әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік жасайды; Жангелдин аудандық қорғаныс істері бөлімімен; Аудандық орталық ауруханамен; Аудандық ардагерлер кеңесімен; «Біздің Торғай» газетінің редакциясымен; Аудандық жасөспірімдер спорт мектебімен; Аудандық пошта байланыс торабымен бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асырады. Олар айналысатын жұмыс салалары және іс-қимылдарының жағдайы туралы аудан әкімі мен әкімдігің сараптамалық-анықтамалық ақпаратпен қамтамасыз етеді; Облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының және облыс әкімі аппаратының басшысының, облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларының, аудан әкімінің тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындалуын қадағалайды;  Аудан әкімінің тапсырмаларын орындайды; Бірін-бірі ауыстыру тәртібіне байланысты лауазымдық міндеттерді атқарады, жетекшілік жасайтын мемлекеттік мекемелердің білікті мамандармен қамтамасыз етілуі жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді және ол мекемелердің қызметіне бақылау жасайды.






Aудан әкімі аппаратының басшысы
Кәдірментаев Қайрат Қойшанұлы


1974 жылы 1 қаңтарда Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай селосында туған.
1999 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Жанұялы 3 баласы бар.
2016 жылдан бастап Жангелдин ауданы әкімі аппаратының басшысы.

Лауазымдық міндеттері
Қазақстан Республикасының Заңдарың, Президент Жарлықтарын, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау жөніндегі жұмысты үйлестіреді; Кадрлар және мемлекеттік органдарды реформалау мәселелері, кадрлық жұмыстардың ұйымдастыруын қадағалайды. Аудан әкімшілігінің жұмысын, кеңестерді,  мәдени бұқаралық іс-шараларды даярлау мен өткізуді ұйымдастыруды қадағалайды.Ішкі шаруашылықты, басқа мекемелермен қарым- қатынасты реттейді. Облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының және облыс әкімі аппаратының басшысының, облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларының, аудан әкімінің тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындалуын қадағалайды; Аудан әкімінің тапсырмаларын орындайды; Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету  мен сапасын арттыруға байланысты жұмыстарды үйлестіреді, бақылау жасайды.







Aудан әкімі аппаратының бөлімдері

Ұйымдастыру – бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі



Бөлім басшысы – Сейтказиев Нурбек Абилбекович
Телефон: 8 (71439) 2-14-04.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Бөлімнің қызметіне жалпы басшылық жасайды; Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Үкімет қаулыларының орындалуына жалпы бақылау жасайды; Аудан әкімінің шешімдері, өкімдері,  тапсырмаларын орындалуына бақылау жасайды; Облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, аудандық бөлімдермен, басқармалар және ұйымдармен байланысты қамтамасыз етеді; Аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды; Бөлім қызметіне тиісті шешім қабылдауда, бөлім қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін есепке алады және қабылданған шешімдерді хабарлайды; Аудан әкімі аппаратында іс жүргізуді қамтамасыз етеді, аудан әкімі аппаратында құжат айналымын қадағалайды.  Аудан әкімінің ведомстволық мұрағатының жұмысын жүргізуді қадағалау. Аудан әкімі аппаратының құрылтай құжаттарына қажет болған жағдайда өзгерістер еңгізу және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеуден өткізу. Торғай, Карасу, Ақкөл ауылдарының жұмыстарына жетекшілік жасайды.

Бөлім қызметкерлері :
Бас маман - Сыздыкова Перизат Сакитаевна
Бас маман - Зайнуллина Лаура Сабитовна
E-mail:  jangeldy@kostanay.gov.kz






Кадрлармен жұмыс бөлімі


Бөлім басшысы – Кошеметова Жадыра Куанышбековна
Телефон: 8 (71439) 2-12-51

Бөлім  қызметінің  негізгі  бағыттары:
Бөлімнің қызметіне басшылық жасайды.Бөлім қызметіне тиісті шешім қабылдауда, бөлім қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін есепке алады және қабылданған шешімдерді хабарлайды; Тәртіптік  комиссиясының жұмысын ұйымдастыру; Аппарат қызметкерлерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің басшыларының, ауылдық округ, ауыл әкімдерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеп, бекітуге ұсынады; Аудан әкімі аппаратының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын және бөлім басшыларының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітуге ұсынады. Кадрлардың ауысуы және мемлекеттік органдарды реформалау мәселелерін ұйымдастырады; Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлауға байланысты жұмыстарды жүргізеді; Еңбек өтілін анықтау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады; Аудан әкімі аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің жұмысқа қатысу табелін жүргізеді; Ауылдық округ, ауыл әкімдерінің және мамандарының жеке істерін әзірлейді және сақталуын қамтамасыз етеді.

Бөлім қызметкерлері :
Бас маман – Мейірім Данияр Қанатұлы
E-mail: jangeldy@kostanay.gov.kz






Ақпараттық технологиялар, ішкі бақылау және мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімі


Бөлім басшысы – Искакова Таңшолпан Мәлікқызы
Телефон: 8 (71439) 2-14-46

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Бөлімнің қызметіне басшылық жасайды; Бөлім қызметіне тиісті шешім қабылдауда, бөлім қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін есепке алады және қабылданған шешімдерді хабарлайды. Мемлекеттік  органдардың ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және үйлестіру, ақпараттық қауіпсіздікке сәйкес электронды үкіметтін үлгілік жобасы базасында жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйесін дамытады; Ақпараттық -аналитикалық мәліметтер дайындайды. Аудан әкімі аппаратының бөлімдеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді, аудан әкімдігінің  мемлекеттік органдарына ақпараттандыру сұрақтары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді; Ақпараттық  теңсіздікті төмендету бағдарламасын жүзеге асырады; Аудан әкімі аппаратының  құпия іс-қағаздарын жүргізеді; Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету  мен сапасын арттыруға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады.

Бөлім қызметкерлері :
Бас маман- Ертасов Бағдат Қайсарұлы
Жетекші маман- Омаров Сәбит Закарияұлы
E-mail: jangeldy@kostanay.gov.kz






Жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу және сақтандыру бөлімі



Бөлім басшысы – Ибраев Рустем Бекетович
Телефон: 8 (71439) 2-15-41

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Терроризмге қарсы комиссия жұмысы жоспарларының жобаларын, бөлімнің тиісті кезеңдерге арналған жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысу. Бір жылға арналған жеке жұмыс жоспарын әзірлеу. Терроризмге қарсы комиссия отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету. Өз құзыретінің шегінде ауданның терроризмге қарсы комиссиясының хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, терроризмге қарсы комиссия төрағасын уақтылы хабардар ету, терроризмге қарсы комиссияның отырысына неғұрлым өзекті мәселелерді енгізуге бастамашылық жасау үшін Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының желісі бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдарынан түскен ақпараттың мониторингін және талдауын жүргізу. Терроризмге қарсы комиссиясы мүшелерінің Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының желісі бойынша қабылданатын нормативтік құқықтық актілерін орындауын, комиссия отырыстарына анықтамалық материалдарының уақтылы дайындалуын және ұсынылуын бақылау. Терроризмнің алдын алу саласында ахуалдың дамуына әсер ететін аудан өңірлеріндегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де үдерістер туралы ақпаратты талдау, терроризмге қарсы комиссияға оның көрінісіне мүмкіндік жасайтын себептер мен жағдайларды жою жөнінен ұсыныстар дайындау. Мүдделі мемлекеттік және өзге де органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасы азаматтарының, соның ішінде құпия ұстаушылардың шет елге шығуына байланысты, терроризмнің алдын алу және сақтандыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Терроризмге қарсы комиссияның Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен терроризм мен діни экстремизм идеологиясына төзбеушілікті насихаттау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Басшылықтың тапсырмасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Террористік және діни-экстремистік ұйымдар тарапынан туатын қауіп-қатерді уақтылы анықтау мақсатында белгіленген тәртіпте өңірге келетін елшілік және халықаралық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесулерге тікелей қатысу. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби шеберлігі деңгейін және біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау.

Бөлім қызметкерлері :
Бас маман- Қаби Бақытбек Қайыржанұлы
E-mail: jangeldy@kostanay.gov.kz






Заң бөлімі


Бөлім басшысы – Жұмақанов Санжар Нұрланұлы
Телефон: 8 (71439) 2-13-11

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Бөлімге жалпы басшылық жасау.  Аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету.  Аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерін тіркеуді жүзеге асырады. Аудан әкімінің  өкімдерінің, аудан әкімі аппаратының басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеп, тіркеуді жүзеге асырады. Заңдарда белгіленген тәртіпте құқықтық мәселелерді қарау кезінде әкімдіктің, әкімнің, аудан әкімі аппаратының мүддесін сотта сондай-ақ басқа да органдарда білдіреді. Аудан әкімінің және әкімдігінің нормативтік қызметіне талдау жүргізеді және талдаудың қорытындысы бойынша аудан әкіміне оларды жетілдіру немесе анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс береді. ҚР заңнамаларын насихаттау жөнінде жыл сайынғы іс-шараларын әзірлеуді жүзеге асырады. Аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады. Қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыру, кеңестің отырыстарын тоқсан сайынғы өтуін қадағалайды.

Бөлім қызметкерлері :
Бас маман- Бос орын
E-mail: jangeldy@kostanay.gov.kz








Азаматтық  хал актiлерді тiркеу бас маманы

Нурханов Сейтбаттал Маликзадинович

Телефон : 8 (71439) 21-9-92
E-mail: jangeldy@kostanay.gov.kz


Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін, жынысын ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді, азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертеді, толықтырады, түзетеді және жояды, жоғалған жазбаларды қалпына келтіреді, бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi.








Бас инспектор - Аққалиева Шолпан Өтелбайқызы
Телефон: 8 (71439) 2-11-55
E- mail: jangeldy@kostanay.gov.kz

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Бөлімге жалпы басшылық жасау.«Мемлекеттік сатып алу туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» және «Еңбек Кодексін» «Бюджеттік кодекстің» орындалуын қамтамасыз ету; Сметалық есеп жасау, жылдық баланс есебін қорытындылау, жылдық норма бойынша еңбек ақы жөнінде штаттық кесте жасау, бюджет пен салықтар бойынша есеп жүргізу, уақытылы аударылуын қадағалау, тоқсан сайын баланс есебін қаржы бөліміне тапсыру, дебиторлық және кредиторлық берешек, алашақ жөнінде есеп жүргізу, инвентаризациялық түгендеме жасау, материалдық – техникалық жарақтануға, оргтехника жаңартуға, шаруашылыққа қажетті (тез тозатын) және кеңсе тауарларымен уақытылы қамтамасыз ету, қаражаттың орнымен  жұмсалуын ұйымдастыру. Жүргізушілер, еден жуушылар, күзетшілерге басшылық жасау. Әкімшілік ғимаратындағы дүниемүліктің есебін жүргізу. Ай сайын аудан әкімінің шешімі және жұмысқа қатынасу табелі бойынша еңбек ақы есептеу, ағымдағы есеп шоттарына, ерекшеліктер бойынша қаржы шығындарына, бас кітапқа ай сайын түсімдер мен шығындарды қондырып, сальдолық қалдық шығару, негізгі құрал- жабдықтар мен мен материалдық запастар жөнінде есеп жүргізу, зейнетақы салымдарына карточкалық есеп жүргізу.


хат жіберу