Блог статистикасы
195
Жазбалар
3269
Өтініштер
143235
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Аудан әкімінің есеп беру кездесулері

Жангелдин ауданының әкімі Ш.С.Оспановтың халық өкілдерімен есеп беру  кездесуіне арналған «Жангелдин ауданының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық  дамуының қорытындылары және алдағы мақсаттар» туралы тезистері

Міне, еліміз тағы бір жылды артқа тастап, 2018 жылға аяқ басты. Әлемдік өзгерістерге орай біздің жағдайымызды бағамдап алуда, болашақта атқарылуға тиіс міндеттерді белгілеуде 2017 жыл Қазақстан үшін маңызды жыл болды.
Елордамыз Астанада «Экспо-2017» халықаралық көрмесі өтті, Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты үлкен стратегиялық мақаласы жарияланды.
2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабылеттілік» Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру, оның  жүзеге асырылуы бойынша ақпараттық - түсіндіру топтарымен  ауылдарда, мекеме -кәсіпорындарда  жиналыс, дөнгелек  стол, кездесулер, барлығы 163 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді, қатысқан адам саны 11736 адам. Бұқаралық ақпарат құралдарына Елбасы жолдауына орай тұрғындардың ой-пікірлері жарияланды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша «Өшпес рухты тұлғалар» жобасы аясында  Алаштың 100 жылдығына, Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына арналған аймақтық ғылыми - тәжірибелік конференция өткізілді.  «Ауылыма перзенттік парызым» жобасы  аясында  Спабековтер әулетінің қолдауымен Аралбай ауылында футбол алаңы ашылды (10 млн. теңге), «Өрлеу» шаруа қожалығының басшысы Жунусов Алтайдың демеушілігімен Оспанқожа Әулие мешітіне күрделі жөндеу жүргізілді(48 млн. теңге), «Туған елге тағзым» жобасы аясында Хасенов Қабылбек «Қара қоға» қорымына қоршау орнатты,  Қаратүбек орта мектебі түлектерімен балалар ойын алаңы мен жиһаз әперілді (5 млн.теңге),  Нұрғазина Ақерке Бақбергеновнаның қолдауымен «М.Дулатов атындағы мұражай мен мазарына»  күрделі жөндеу жүргізілді(10 млн.теңге), Тәуіш ауылы тұрғындарының бастамасымен намазхана салынды. Қазіргі таңда  Спабековтер әулетінің қолдауымен Торғай ауылында көпсалалы колледж құрылысы (60 млн. теңге), спортзал құрылысы (28 млн.теңге), 50 орындық балабақша ашу (15 млн.теңге) жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған «Жалын» қоғамдық бірлестігі және 2015 жылы құрылған «Жастар  ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, құқық бұзушылықтың, жат діни ағымдардың, наркоманияның алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жастар арасында түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындауда атқарушы биліктің мемлекеттік органдары үшін басты міндеттер экономиканың белсенді дамуын қамтамасыз ету, инвестиция тарту, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру, халықтың осал жіктерін әлеуметтік қорғауды толыққанды шараларын қолдану, осының барлығының негізінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау болып табылады.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190  Жарлығына сәйкес, аудан бойынша барлық  22 елді мекенде ауыл, ауылдық округ әкімдері есеп беру кездесулерін өткізді. Оларға ауданның  мекеме басшылары, және өзім қатыстым.     Есеп беру кездесулердің өткізілетін күндерінің кестесі алдын ала «Біздің Торғай» газетіне және аудан сайтына жарияланған болатын.
Қазіргі таңда ауданда 12 981 адам тұруда, соның ішінде 5540 адам аудан орталығында. Экономикалық белсенді халық саны 6000 адам, 1167 зейнеткер бар.
Ауданның экономикалық негізгі саласы,  стратегиялық маңызды  бағыты  - ауылшаруашылық.    2018 жылдың басына  127 шаруа қожалығы жұмыс жасап, шаруа қожалықтары  559 257 гектар жер пайдалануда. Сонымен қоса 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке  226 754 гектар жер берілді. Барлығы 131 шаруашылық 786 011 гектар жерді пайдалануда. Яғни аудандағы барлық ауылшаруашылығы мақсатындағы жердін 21 пайызын  пайдаланудамыз,  немесе 2,6 млн.гектардан астам  жер пайдаланылмайды. Жыл ішінде мақсатты пайдаланылмай отырған 1 жеке шаруашылықтың, 2 400 гектар жері мемлекет меңшігіне қайтарылды.
Жасалған талдау  жерді әлі де тиімді пайдаланылмай жатқаның  көрсетеді. Сондықтан  жер алып, мал шаруашылығын дамытуға, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға,  шаруалар ерікті түрде қосылып, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрулары қажет.
«Сыбаға»  мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2017 жылы берілген жоспар 30 бас сатып алынғаны 50 бас орындалуы -166,7%.
«Алтын Асық» бағдарламасы бойынша 2017 жылдары берілген тапсырма – 90 бас, несие алушылар қарастырылуда.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 2017 жылдары – 15 бас мал алу тапсырмасы берілді. Берілген тапсырма бойынша – 34 бас жылқы малы сатып алынды. Тапсырманың орындалуы 226,7%   құрады.
Қазіргі таңда 5 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды, бордақылау алаңдарын ашуға 46 ниет білдірушілер жалпы сомасы 120,0 млн. теңге несие алынды  және 1 мал сою орнын жетіле жабдықтауға 22,0 млн. теңгеге құжаттары  тапсырылды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығын өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасы  бойынша 2017 жылы ірі қара малдың 1831 бас аналыққа селекциялық жұмыстар жүргізгені үшін 18 млн. 310 мың теңгені субсидия төленді.  61 бас отандық асыл тұқымды бұқаларды сатып алғаны үшін – 9 млн 150 мың тенге төленді.
2011 жылдан бастап  «Бикен» шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 40,0 млн.тенге несие алып, асыл тұқымды бұқалар сатып алып, малды селекциялық асылдандыру жұмыстарын  жүргізіп келеді. Бұл шаруа қожалығы алдағы 2018 жылы аудан шаруа қожалықтарына асыл тұқымды бұқаларын сатуға мүмкіндік  алады.
Жыл қортындысы бойынша   мүйізді  ірі  қара  мал 3,8 пайызға өсті, немесе  31 760 бас (2016 ж. – 30 594 бас, ) қой-ешкі 0,6 пайызға өсіп 81 618 бас (2016 ж. – 81  085  бас,) жылқы  малы – 9 319 бас   өсім 2,4 пайыз (2016 ж. – 9 097 бас), түйе - 104 бас (2016 ж. – 104 бас), құс – 99 872 басты құрады (2016 ж. – 99 150,  0,7% өскен).
Мал шаруашылығы  саласында  4804,3 тонна ет өндіріліп, 32222,2 тонна сүт сауылды. 8,4 млн дана жұмыртқа алынды. Өткен кезеңімен салыстырғанда ет 2,5 пайызға, сүт 5,6 пайызға, алынған жұмыртқа 1 пайызға  өсті. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 9 млрд 720,9 млн. теңгені құрап,   өндірілген өнімнің нақты көлем индексі (ИФО) 103,6 пайызға жетті.
2017 жылы аудан бойынша егістік көлемі 22 147 гектарды құрады (2016 ж. – 21 525 га, өсім 2,9%). Оның ішінде 20 019  гектарға бидай, 590 гектарға арпа, 500 гектарға майлы дақыл, 800 га жерге көп жылдық шөптер, 84 га картоп, 42 га көкөніс, 112 га бақша дақылдары себілді. Күзгі егін ору жұмыстарында 20 609 га егістік алқаптан дәнді дақылдар жиналып, орташа түсімі  8,3 ц/га-дан, 17 182 тонна өнім алынды. 500 га майыл дақыл жиналып, орташа түсімі  8,3 ц/га-дан 415 тонна өнім алынды. 82 га картоптан, орташа түсімі 108 ц/га-дан 885,6 тонна өнім алынды. 38 га жерге көкөністен, орташа түсімі 104 ц/га-дан 395,2 тонна өнім алынды. 110 га жерге бақша дақылдарынан, орташа түсімі 103 ц/га-дан 1133 тонна өнім алынды.
Күзгі егін ору жұмыстарына 377 тонна жанар май бөлінді, 1 литр жанар майдың бағасы 137 теңге. Оның 377 тоннасына (100%) келісім-шарт жасалып, 330 тоннасына (88%) қаражаты төленді және 330 тоннасы тасылып алынды.
Сонымен қатар "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" қағидасы бойынша 4 шаруа қожалықтары 6 млн. 931 мың теңгеге құжаттарын тапсырды.
Ауданға 2017-2018 жылдарға мал қыстату кезеңіне 144,2 тонна  1,5 жылдық шөп дайындау тапсырмасы берілген. Қазіргі таңда тапсырма 100 пайыз орындалып, дайындалған мал азығы тасылып алынды.
Мемлекет басшысы өзінің жолдауында «Мәңгілік Ел» құндылығынан «Еңбектің Жалпы Қоғамын» құру және біздің жұмысымыз мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың тығыз қарым қатынасы негізінде құрылатынын атап өткен болатын. Ел басымыз айтқандай, шағын және орта бизнес ұрпақтан ұрпаққа отбасылық дәстүрге айналу керек. Аудаңымыздың кәсіпкерлік құрылымында есепті кезенде 417 шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасап келеді, олардың ішінде 29 - заңды тұлға мәртебесі бар кәсіпорындар, 388 – жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары. Экономикалық белсенді халық санының 10 пайызы кәсіпкерлік құрылымында жұмыс атқаруда. (597)  Бизнес субъектілерімен  680,5 млн. теңгенің өнімдері, қызметтері мен жұмыстары атқарылды, бюджетке 30,6 млн. теңге төлемдер түсірілді.
2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аясында 49 адам 154 млн. 950 теңге несие алды. Оған 577 бас ірі қара малдары сатып алынып, шағын отбасылық мал бордақылау аланың ұйымдастырып халықты ауылшаруашылығы өнімімен қамтуда. Сонымен қатар 1 мал сою тірегін жарақтандыруға құны 22 млн. теңге тұратын жобаның құжаттары Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорына тапсырылып 1 транш арқылы 11 млн. теңге игерілді, қалған сомасы қаңтар айында игеріледі. Қазіргі таңда мал сою тірегін жарақтандыру құрылғылары әкелініп орнатылды.  
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Бастауыш кәсіпкерлерді гранттық  қаржыландыру бөлігі бойынша  3 үміткер жобаларын ұсынды. Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 2 жоба Жәмәли Бауыржан Әбдірахманұлының  «Қоғамдық тамақтану  кешені»  жобасы  бойынша 3 млн. теңге және Елеутова Арайлым Талапқызының «Сұлулық салоның ашу» жобасы бойынша 1 млн. теңге қайтарымсыз грант жеңіп алып, аудан орталығында асхана мен сұлулық салоның ашып халыққа қызмет көрсетуде. Жаңа жұмыс орындары ашылып 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.         
Ауданда елімізде жүзеге асырылып жатқан кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу механизмдері мен шарттарын түсіндіру, насихаттау мақсатында аталған бағдарламалардың жүзеге асуына мүдделі органдардың өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңестер, оқыту-тренингтер т.б іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрды. Аудан орталығында кәсіпкерлердің мүддесін қорғау мақсатында Кәсіпкерлік палатасы жұмыс жасауда.
Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлемі 104,3  пайызды құрап, есепті кезенде   аудандағы өндірістік өнеркәсіп кәсіпорындары 66,5 млн.  теңгенің өнімін өндірді.
Инвестиция тарту экономиканың бәсекеге  қабілетін жоғарылату және өсуін анықтайтын, ең маңызды факторлардың бірі  болып табылады. Есепті кезенде  негізгі капиталға игерілген инвестиция көлемі  824 млн. теңгеге жетті  нақты көлем индексі 108,3 пайызды құрады.  Оның ішінде басым бөлігі ауыл шаруашылығын  дамытуға, сонымен қатар қоныс орындарда жеке тұрғын үй құрылысына  бағытталды. 250 шаршы метр тұрғын ұй құрлысын жүргізу  тапсырма қойылды,   жыл ішінде 274 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (90,6 м2 – Албарбөгет а/о, «Күйген қоң» қыстағында 1 пәтерлі жеке үй, 117 м2 -  Ақкөл ауылы, «Кеңдірлі түбек» қыстағындағы 1 пәтерлі үй, 65,5 м2, Торғай ауылы Осанов С.О., бір пәтерлі үйді қайта құрылымдау). Ірі кәсіпорындармен жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі 326 млн. теңгеден асты.
2018 жылдың 1 қаңтарына  384 млн. 845 мың теңге салықтық төлемдер жиналды. Оның ішінде аудандық бюджеттің түсімі 367 млн. 31 мың теңге, (177,5 %)   облыстық бюджетке 8 млн. 720 мың теңге (327,8%) және республикалық бюджетке 9 млн. 94 мың теңге салықтық төлемдер түсті (болжам – 109,8 % орындалған).
Бюджеттің   шығыс   бөлігінің орындалуы   100 пайызды құрап, 2 млрд. 696 млн. 102 мың   теңге қаржы игерілді. 
Жануарларды аурудан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастыруға бағытталған жылдық ветеринариялық - профилактикалық эпизоотияға қарсы   іс-шараларына 2017 жылы барлығы 54 млн 288 мың теңге қаржы қаралып, толық игерілді.
Аталған қаржылардың негізі- сібір жарасы ауруына қарсы, қарасан, пастереллез, эмкар ауруларына қарсы егу жұмыстарына жұмсалды. Жоспарланған ірі қара малдары толық туберкулинизациядан өтті. 
Серологиялық зерттеулер    ИФА  -  әдісі  бойынша  35 385 мүйізді ірі қара бастан қан алынды, яғни 100 пайызы зерттеліп, Осыдан  119 бас мал бруцеллез  ауруы екендігі анықталды, жұқтыру пайызы - 0,3 % құрап отыр. Бруцеллез анықталған мал   «Поздняков», «РЭВ-1» арнайы  мал сою  орнына тапсырылды. Ұсақ малдан 88887 бас, яғни  100 пайызы зерттеліп, осыдан бруцеллез шалдыққан малдар анықталған жоқ.
Жалпы ауданда ірі қара мал басын бірегейлендіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді, 8 600 бас ірі қара малы,  20 500 бас ұсақ мал бірдейлендіріліп, 2 085 бас жылқы  малы таңбаланды. Аудан бойынша барлық сырғаланған малдарды компьютерлік базаға енгізу  толығымен аяқталды.
Аудан бойынша 10 елді мекенде мал көмінділерін тастайтын қамба (скотомогильник) бар. Биылғы жылға  Ақкөл, Қарасу, Ақшығанақ ауылдарына  мал өлекселерін тастайтын қамба  салу үшін жергілікті бюджеттен 3  млн. теңге жоспарланды.
Ауданда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудын 2020 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленіп, тиісті облыстық басқармаларда қорғалды. Осы бағдарламаға сәйкес жылма-жыл елді мекендер орталықтандырылған су жүйесіне қосылып келеді.  Қазіргі таңда 11 елді мекен немесе халық санының 82,4 пайызы  толығымен орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. 2017-2018 жылдары екі инвестициялық жоба іске асырылуға республикалық және облыстық бюджеттен 889,5 млн. теңге бөлінді. 
Аралбай ауылын  сумен жабдықтауды қайта құрылымдау» нысанының  құрылыс-монтаж жұмыстарына 2017 жылға республикалық бюджеттен – 280 млн. 920 мың теңге, облыстық бюджеттен – 25 млн. 542 мың теңге бөлінді, су жүйесі  2017 жылдың желтоқсан айында іске қосылды.
Сондай-ақ «Ақшығанақ ауылын сумен жабдықтауды қайта құрылымдау» нысаны бойынша 2017 жылға 293 млн. 255 мың теңге, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 258 млн. 570 мың теңге, облыстық бюджеттен – 34 млн. 685 мың теңге бөлініп игерілді. Осы жобаға 2018 жылы 243 млн. 32 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 218 млн. 728 мың теңге, облыстық бюджеттен – 24 млн. 304 мың теңге бөлінді.  Құрылыс-монтаж жұмыстары 2018 жылы аяқталады.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына қысқы және жазғы күтіп ұстау жұмыстарына жалпы 38 млн.теңге  қаржы жұмсалды. Тоқанай-Саға-Алтынсарин бағытындағы жолды ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 8 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауданда 624,5 км. автомобиль жолдары бар. 249 км.- облыстық, 375,5 км.- аудандық. Есепті кезеңде аудан көлеміндегі төрт бағыттағы жолдарға көктемгі жазғы тегістеу, фракциялы тас (щебень) төсеу, жол белгілерін жаңарту, жол жиегін шөптен тазарту, сонымен қатар грейдерлерді тиісті деңгейде көтеру бойынша қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді.
2017-2018 жылу беру кезеңіне аудан бойынша барлық мекеме, кәсіпорындарға жалпы қажетті сұйық отын көлемі  40 мың литр, ал қатты отын 7 386 тоннаны құрап, аудан  көлеміндегі барлық бюджеттік мекемелер бойынша қатты (көмір) және сұйық отын толығымен тасымалданып жеткізілді, сонымен қатар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер - білім ошақтары мен  денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілері толығымен қысқа дайындалып, барлық объектілердің жылу қазандықтары  қазіргі  қыс кезеңдерінде тұрақты түрде жұмыс істеуде.
Электр энергиясы қуатын сапалы және тиімді жеткізу мақсатында 283,5  шақырым электр желісі ағымдағы жөндеуден, 26 бірлік трансформаторлық қосалқы станциялар күрделі жөндеуден өткізіліп қысқа дайындалды.   
Абаттандыру,  көгалдандыру  және санитарлық тазарту жұмыстары бекітілген жоспар бойынша жүргізілді, рұқсат етілген 14 қоқыс төгу орындары санитарлық нормаларға сай келтірілді, рұқсат етілмеген 3  қоқыс  орындары анықталып, жыл ішінде қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Айына екі реттен әрбір  көшелерге  сенбіліктер ұйымдастырылды. Көктем-күз мезгілдерінде 800 түп ағаш егілді. Елді мекендердегі Ұлы Отан соғысының тарихи монументтері  жөндеуден өтіп, 9 шахталық құдықтар қалыпқа келтірілді. Албарбөгет ауылдық округінің «Телқара» бөгетіне 6 млн. 849 мың теңге бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан бойынша 2018  жылдың 1 қаңтарына  жұмыссыздық деңгейі – 0,3%,  өткен  жылмен салыстырғанда 0,1%-ға көбейген,  (2016 ж.-0,2%), жұмыссыздар саны 16 адам немесе былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 адамға көбейді.  (2016 ж.- 14 адам).
Ауданда жыл басынан  100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. 2018 жылдың 1 қаңтарына  116 жұмыс орны ашылды. 70-тұрақты,46 -уақытша.
Ауданда бос орындар туралы ақпарат жинау банкасын  түзу бойынша іс-шараларға сәйкес жұмыспен қамту қызметіне жұмыс берушілерден 591 өтініш түсті. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 84-ке азайып отыр. (2016 ж.- 675).
Жалпы аудан бойынша  578 адам жұмыспен қамтылып, жұмысқа орналастыру деңгейі- 97,8 пайызды құрап отыр.
Қызметкердің алдын-ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін ауыл және ауылдық округтердің аумақтарын тазалау, экологиялық сауықтыру, абаттандыру жұмыстарына  бағытталған шаралар қоғамдық жұмыстар болып табылады.
Аудан бюджетінен ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға  2017 жылға 236  адамға 14404,0 мың теңге қаражат қаралған.  2018 жылдың 1 қаңтарына  254  жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылды, 14404,0 мың теңге қаражат игерілді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың     2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының   I бағыты бойынша 2017 жылы жалпы 59 адам оқуға жіберілді. Оның ішінде мобильді оқыту орталығы базасында 10 адам «аспазшы», 10 адам «Электрогазбен дәнекерлеуші» мамандығына қысқа мерзімді оқыту курстарына,  10 адам қысқа мерзімді кәсіптік даярлауға  және  21 адам қайта даярлау курстарына, 8 адам кәсіпкерлік негіздерін оқуына  жолданды. Осы уақытта 59 адам оқуларын аяқтап,  54 адам тұрақты жұмысқа тұрды. 
2017 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 19 адам тартылды.  Республикалық бюджеттен  әлеуметтік жұмыс орына 3312,0 мың теңге игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарының аяқталғаннан кейін барлығы тұрақты жұмыс орнына қалдырылды.
14 жас маманды мемлекеттік мекемелерге жастар практикасынан өтуге жіберілді. Жастар тәжірбиесіне 3440,0 мың теңге  қаражат бөлініп, толығымен игерілді. Жас практикасын аяқтаған 6 маман тұрақты жұмысқа тұрғызылды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2018 жылдың 1 қаңтар   айына 10 отбасы және 37 отбасы мүшелеріне 1 034,2 мың теңге тағайындалып, төленді. 
Он сегіз жасқа дейінгі балаларға  мемлекеттік жәрдемақы 562 отбасы және 1787 балаға 41 439,5  мың теңге тағайындалып, төленді. 
1 отбасы және 6 отбасы мүшелеріне 40,3 мың теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді. 
«Өрлеу» шартты ақшалай көмек бағдарламасы бойынша 5 отбасы және 28 отбасы мүшелеріне жергілікті бюджеттен 459,6 мың теңге, республикалық бюджеттен 1 017,0 мың теңге тағайындалып, төленді.
2018 жылдың 1 қаңтар кедейлік деңгейінен төмен тұрған отбасылар саны 4 және отбасы мүшелері 16 адамды құрап, кедейшілік деңгейі 0,1 пайызға тең болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда кедейшілік деңгейі 0,1 %-ға азайған.(2017 ж- 0,2 %).
«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасына сәйкес педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында   оқитын   халықтың   әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын 8 студентке 2016-2017  жылдардағы оқу жылына және   2017-2018 оқу жылдарына оқу ақысына 3224,2 мың тенге  және барлық санаттағы мүгедектерге, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, табыстарын    есепке алмай, оқуға ақы төлеуге 2 студентке 864,0 мың теңге  әлеуметтік көмек төленді.         
Ауданда  жалпы мүгедектер саны - 285, оның ішінде 1 топ мүгедегі – 27, 2 топ мүгедегі -127, 3 топ мүгедегі – 101 адам, ал  мүгедек балалар саны – 30 бала.
2017  жылы  «Жеке оңалту бағдарламасы» бойынша  гигиеналық құралдарына мұқтаж 10 ересек-мүгедекті және 4 бала мүгедектерді гигиеналық құралдарымен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 802,0 мың теңге,  жергілікті бюджеттен 1173,2 мың теңге игерілді.
Ауданда жеке көмекші  қызметін  қолданатын 8 мүгедек бар, олардың еңбек ақысына 1 қаңтар айына  1241,5 мың теңге төленді.
Жангелдин ауданы әкімдігінің жанынан «Мүгедектер істері жөніндегі ведомствоаралық  үйлестіру  Кеңесі» және  «Әлеуметтік инфрақұрылым обьектілеріне түгендеу жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия»  құрылған.  Жангелдин ауданы бойынша әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілердің мүгедектер үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында және Қостанай облысы әкімімен бекітілген 2014-2018 жылдарға арналған Қостанай облысы бойынша әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілерін мүгедектер мұқтаждығына бейімдейтін аймақтық жоспарына  сәйкес, аудандағы 31 әлеуметтік объектінің 2017 жылы  5 объектіні бейімдеу жоспарланған, жыл ішінде 5 нысан  бейімделді, (Ол «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Жангелдин аудандық бөлімшесі; «Жангелдин ауданының  А. Коңқабаев атындағы орта мектебі» ММ-сі; «Қызбел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі; «Сужарған ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі; «Жаркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі;)
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі міндеттерін - адам ресурстарын даярлау, сапасын арттыру, білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңартуды жүзеге асыру мақсатында ауданда 2 483  оқушыны қамтыған 15 орта, 4 негізгі, 5 бастауыш мектеп жұмыс жасайды.
Ауданның 23 мектебінде 43 шағын топ жұмыс жасайды, ондағы балалар саны 680. Оның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша ашылған ұзартылған 6 топта барлығы 140 бала тәрбиеленуде.  Аудан бойынша балабақша саны 3, ондағы тәрбиеленушілер саны 199. Мектепке дейінгі ұйымдармен балаларды қамту  аудан бойынша  биылғы жылы 92,2%- құрап  отыр.
Оқыту мен тәрбиелеудің сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерге педагогтардың біліктілік деңгейінің көрсеткіштері жатады. 2017-2018 оқу жылында барлық мұғалім саны-655 болса оның жоғары білімдісі – 508, арнаулы орта - 147, жоғары санатты мұғалім - 69,  І санатты мұғалім-171, ІІ санатты-204, санатсыз мұғалімдер-211. Біліктілігін арттыру курсынан  барлығы  231  педагог  қызметкерлері өтіп  отыр.
Жаңа оқу жылының басынан мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ыстық тамақпен 95 оқушы (А.Байтұрсынов о/м, Қ.Қойдосов о/м, С.Мәуленов о/м) және буфеттік  тамақпен 706 бала қамтылды. Тамақтандыру мердігермен келісім-шарт негізінде жүргізіліп келеді.
 Ошағынды ауылынан Саға ауылына 11 оқушы күнделікті тасымалданады, Көлқамыс ауылынан Көкалат ауылына 7 оқушы  күнделікті тасымалданады.
«Жаз-2017» бағдарламасы бойынша Жангелдин ауданында 2017 жылдың демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуы мақсатында аудан бойынша мектеп жанындағы жазғы демалу лагерлері ұйымдастырып, онда 1 245 оқушы демалды. Сондай-ақ жазғы демалыс уақытында аудан оқушылары қала сыртындағы демалу лагерлеріне жіберілген.  Алтынсарин ауданында орналасқан «Светофор» демалу лагеріне 60 оқушы демалып қайтса,  Қостанай қаласында орналасқан «Мерей» сауықтыру – демалу лагеріне кәсіподақ есебінен 10 оқушы демалды. Барлығы 1 315 бала жазғы демалу, сауықтырумен қамтылып, қамтылу пайызы 53,1 құрап отыр.
Астана қаласына «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне 75 бала барды, ол мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 млн. 50 теңге бөлінді.  
2017 жылы Қ.Қойдосов атындағы орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді және жылу қазандығы ауыстырылды, оған жергілікті бюджеттен 8 млн. 38 мың қаржы жұмсалды.
Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің жылу қазандығын ауыстыруға 1 млн. 163 мың теңге жұмсалды. Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі жаныдағы интернат ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған жергілікті бюджеттен 6 млн. 744 мың қаржы жұмсалды.
Жангелдин орта мектебінің шатырын жөндеуге 684 мың қаржы игерілді.
2016-2017 оқу жылында орта мектептерді барлығы 194 түлек бітірді, соның 100 түлегі ҰБТ-і тапсырып, орташа балл – 74,26 балл (2016 ж.-70,62 балл, 3,64 бірлікке жоғарлады). Аудан бойынша 14 «Алтын белгі», 8 жалпы орта білім туралы үздік аттестат берілді.
Елбасы өзінің Жолдауында Ұлт саулығы – біздің жемісті болашағымыздың негізі екендігін атап өтті. Аудан көлемінде 20 медицина мекемесі жұмыс жасауда. 15 жоғары білімді дәрігер, 109 орта буынды және 32 кіші буынды медицина қызметкерлері қызмет атқаруда. Олардың ең басты міндеті- жоғарғы, сапалы және жаңадан енгізілген медициналық қызметтердің талабына сай біздің аудан халқының  денсаулығын қамтамасыз ету.
Осы  мақсатта жыл сайын ауданымызда  «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында жылжымалы медициналық көмек барлық  елді-мекендерді аралап  тұрғындарды флюрографиялық және медициналық тексеруден тегін өткізді. Жылжымалы флюрографиялық қондырғы арқылы 6 086 адам тексеруден өткен, ал стационарлық қондырғыдан 5 970 адам өткізілді.    
2017 жылдың қортындысы бойынша 206 сәби дүниеге келді (2016 ж -214), 3 бала өлімі тіркелген, ана өлімі орын алған жоқ.  Осы кезенде 58 адам дүниеден өткен. Өткен жылдын осы кезенімен салыстырғанда адам өлімі 18 адамға азайған.
Аудан аумағындағы елді-мекендерінің техникалық жабдықтарын жаңартып, байланыс саласының  сапасын арттыру мақсатында аудандық телекоммуникациялар торабы қарамағында қазіргі таңда 4 цифрлы АТС, 7 спутникалық станциялары және 5 базалық станциялары арқылы 24 елді мекенді телефон жүйесімен қамтамасыз етуде. Аудан бойынша барлығы – 2 168 абонент бар. Интернет жүйесіне қосылғандар саны – 754. Жыл басынан бері жаңадан 169 интернет нүктелерін орнатылды.
Елбасы барлық деңгейдегі жемқорлықтың ізін кесуді күшейту талабын қойып, мұның өзі елді жаңарту жоспарының бір басымдылығы болып табылатындығын атап көрсетті. Осыған орай қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бағдарламалық құжаттарды мүлтіксіз іске асыру бойынша Жангелдин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы №142 «Жангелдин ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» қаулысы қабылданып комиссия Ережесі бекітілді, аталмыш комиссияның дербес құрамы Жангелдин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі №178 шешімімен бекітілген.
Аудан аумағындағы сыбайластықтың, қылмыстықтың жағдайлары тұрақты түрде Жангелдин ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қаралуда.  2017 жылдың 12 айында аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлықтың жағдайы туралы мәселесі 4 рет қаралды.
Отырыс нәтижелері бойынша, мемлекеттік мекеме басшылары мен ауылдық округ, ауыл әкімдеріне, мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметшілерге тұрақты түрде қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңнамалар бойынша түсінік жұмыстары жүргізуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ең шалдығуға мүмкін мемлекеттік қызметкерлердің атқарып отырған қызметтеріне бақылау күшейту, сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша атқарылып отырған жұмыстар туралы тұрғындар алдында түсіндіру  жұмыстарын қолға алып, тиімділігін арттыру тапсырылған.
Сонымен қатар, Жангелдин ауданының өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылған, осы жұмыс тобы жергілікті атқарушы органдардға ішкі талдау жүргізді.
Жалпы 2017 жылдың 12 айында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарында қылмыстық (соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған үшін) жауапкершілікке тартылған қызметкерлер болмаған (2016 жылдың 12 айында – 0). Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылықты жасаған үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар жоқ (2016 ж.- 0).
Аудан көлемінде 2017 жылы аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі бойынша 40 қылмыс тіркелген, 2016 жылы 56 қылмыс тіркелген. 16 пайызға төмендеген. Қылмыстардың ішінде басым көпшілігі бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты болып отыр. Осыған орай, қазіргі таңда қылмысты болдырмау және оның алдын – алудағы жұмыс шаралары жүргізілуде.
 2017 жылы учаскелік полиция инспекторларымен 807 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, есепті кезеңде 6 млн 253 мың  теңге айыппұл салынды, одан өндірілгені – 5 млн 190 мың теңге,  бұл 83 пайызды құрайды.
Табиғатты қорғау полициясы бойынша 78 құқық бұзушылық тіркеліп,  құқықбұзушыларға 703 390 теңге айыппұл салынып, 646 665 теңге өндірілді, 91,9% өндірілген.
2017 жылы аудан әкімі аппаратында Қостанай облысы әкімімен берілген барлығы 163 тапсырма бақылауда тұрды. Оның ішінде барлық тапсырма мерзімінде орындалдып, тиісті ақпараттар уақытында жолданды.
Сонымен қатар аудан әкімдігі, ауданның өкілетті және атқарушы органдары ауданның қайсы бір салада болмасын бұрынғыдан да нығайып, дамуын қамтамасыз ету жолында қолда бар мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалана отырып жұмыс жасауда. Жыл ішінде аудан әкімі аппаратына ауданның жеке және заңды тұлғаларынан  барлығы 360 (2016 ж.-411 өтініш) өтініш келіп түскен, өтініштер тиісті органдарға жолданып, заң талаптарына сай мүмкіндігінше шешілуде.
Өткен жылдың қорытындысы көрсеткендей ауданның әлеуметтік-экономикалық  дамуының негізгі көрсеткіштері оң сипатта. Бұл барлық торғайлықтардың еңбегінің нәтижесі болып табылады.
Бүгінгі күні ауданның атқарушы органдарының алдында еліміздің Президентінің жолдауынан туындаған күрделі міндеттер тұр. Біз аудан халқының экономикалық және әлеуметтік проблемаларды ғана емес, сонымен қатар күнделікті тұрмыстағы мәселелерді де шешкенімізді  қалайтындарын білеміз. Бәрімізге жақсы жолдар, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, медицина мен білім саласының қызметтері, жылу, жарық және баспанамен қамтамасыз ету, сау қоршаған орта керек. Осының бәрін сақтап қалу, дамыту және жасау үшін бәріміздің бірлесіп жемісті жұмыс істеуіміз, жаңа бастамаларды қолдауымыз, білікті кадрлар өсіруіміз қажет.     2018 жылда да істелуге тиісті ауқымды міндеттер тұр.
Осындай көрсеткіштермен 2017 жыл қортындыланды. Әрине, жеткен жетістіктермен тоқтауға болмайды. Атқарылатын жұмыстар әлі алда.
Алдағы уақытта біз келесі жоспарларды  қоямыз:
- ауыл шаруашылық өнімін өндіру көлемін ұлғайту; 
- ауылдық жерлерде ірі мал шаруашылық  кооперативтерін құру;
- ауданда шағын бизнес және  қызмет саласында кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайын жасау;
- жаңа жұмыс орындарын құру, халықты еңбекпен қамтамасыз етуді көбейту;
- білім беру және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша жұмысын жалғастыру;
- Ақшығанақ ауылын 2018 жылы орталықтандырылған су жүйесіне қосу;
- Аудан орталығын және басқа елді-мекендерді аббатандыруды жалғастыру;
Жалпы ауданның хал ауқатын арттыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылығын қамтуға жұмыс жасау.

хат жіберу