Блог статистикасы
196
Жазбалар
2591
Өтініштер
112430
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Бюджеттің орындалуы

Жангелдин ауданының 2017 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі бюджеттің орындалуының есебі

Жангелдин ауданының бюджетінің атқарылуы туралы есебі

Жангелдин ауданының 2017 жылға аудан бюджетінің түсімдерінің жылдық жоспары 2 861 657,0 мың.теңге болып жыл басында бекітілген, түсімдердің жоспары 2017 жылдың 1 желтоқсанына 2 775 448,1 мың теңгені құрайды. Осы  айда жоғары деңгейден берілетін трансферттер 2 347 508,2 мың теңгеге орындалды. Жоғары деңгейдегі бюджеттен берілетін трансферттердің жылдық жоспары    2 568 691,1 мың теңгені  құрайды. Жергілікті бюджетке  түсімдер  бойынша  2017  жылдың 1 желтоқсанына аудан бюджеті түсімдерінің жоспары  2 537 564,2 мың теңгеге, түсімдердің орындалуы  2 691 481,5 мың теңгеге,  яғни  106,1 пайызға, оның ішінде жергіліті бюджеттің 1-3 категорияларының есепті кезеңдегі жоспары  190 056,0 мың тенге болса, ол  343 973,3 мың тенгеге орындалып, 181 пайызға  немесе 153 917,3  мың теңгеге артық  орындалды:
-Салықтық түсімдердің жоспары 180,3 пайызға орындалып, 332 998,6 мың теңгені құрап, 148 352,6  м.т.артық орындалып отыр;   
-Салықтық емес түсімдер 134,9 пайызға орындалып, 5 879,9 мың теңгені құрап, 1 519,9 м.т. артық орындалып отыр;
-Негізгі  капиталды  сатудан  түсетін  түсім 485,2 пайызға  орындалып, 5094,8 мың  теңгені  құрап, 4 044,8  мың  теңгеге артық орындалды;
-Жоғарғы деңгейдегі бюджеттен  берілетін  трансферттер жоспары есепті  кезеңге   2 347 508,2 мың теңгені  құрап,  100 пайызға  орындалды.
Былтырғы  жылдың  есепті  кезеңінде,  яғни  2016 жылдың 1 желтоқсанымен  жергілікті бюджетке  түсімдердің  орындалуы  176,1 пайыз  болса, биылғы жылмен салыстырғанда  181 пайызды құрайды, немесе  4,9 пайызға артық.
Аудан   бюджетінің  бекітілген түсімдер  жоспары   көлемінің    93,0  пайызын   жоғары  деңгейдегі  бюджеттен  берілетін  трансферттер (2 589 900,0 мың теңгені),  7,0  пайызын жергілікті бюджеттің  кірістері (206 757,0 м.т)  құрайды.  
Трансферттердің  түсімдері.
2017 жылдың 1 желтоқсанына жоғарғы деңгейдегі бюджеттен  берілетін  трансферттер    жоспары     100%   орындалды, немесе 2 347 508,2 мың теңгені  құрады,  оның  ішінде
-Ағымдағы нысаналы  трансферттер 565 645,2 мың теңге, 100 пайызға;
-Субвенция  1 781 863,0 мың теңге, 100 пайызға орындалды.
Шығыстар
2017 жылдың есепті кезеңіне бюджет  шығыстарының жоспары 2 708 422,7 мың теңгені құрап, 100 пайызға немесе 2 708 007,5 мың теңгеге  орындалды. Жоғары  деңгейден  берілген ағымдағы  нысаналы  трансферттердің  орындалуы  565 352,4 мың теңгені,  яғни  100 % құрады (есепті кезеңге жоспары 565 645,2 мың теңге).
Игерілмеген  қаржы   415,2  мың  теңгені  құрайды. Олар :
Облыстық  трансферттен  291,8 мың теңге:
0,1 мың теңге - Жұмыспен  қамтудың  Жол картасы -2020  бағдарламасы  бойынша  мамандарды  даярлау, қайта  даярлау, біліктілігін    арттыру  бойынша;
291,7 мың теңге - Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылының сумен жабдықтау құбырын қайта құрудан қалған.
Республикалық  трансферттен  1,0 мың теңге:
1,0 мың теңге - Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асырудан.
Жергілікті  бюджет есебінен 122,4 мың теңге:
Әкім аппараты бойынша қалғаны  54,7 мың теңге.
Білім беру бөлімі бойынша қалғаны  45,6 мың теңге.
Басқа да  мекемелер бойынша қалғаны  35,7 мың теңге.
Былтырғы  2016 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда қаржылық жоспары 99,4 пайызға орындалып отыр. (2017 жылдың 1 желтоқсанына 100 % орындалды.)

Мемлекеттік сатып алу жөнінде ақпарат

Жангелдин аудандық бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекет үлесі бар кәсіпорындар бойынша 2017 жылға  мемлекеттік сатып алу жоспарының сомасы 1 млрд. 485 млн. 148 мың  278 теңге қаралған. Оның ішінде:
-мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс тәсілімен  951 млн. 004 мың 255 теңге;
-баға  ұсынысы тәсілімен  212 млн. 780 мың  813 теңге;
-бір көзден сатып алу тәсілімен   279 млн. 577 мың  518 теңге;
-тауар биржасы арқылы бойынша  41 млн. 785 мың  692 теңгені құрайды.
Жангелді ауданы бойынша барлығы 30 ММ, 3 КММ, 3 МКҚК , 2 МКК  және 1ЖШС бар.
2017 жылдың 1 желтоқсанға  мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша барлығы  37 конкурс, оның  барлығы  жарияланған.  Осының  жиырма алтысы өткізілмеді деп танылып, бір көзден сатып алу тәсілімен 885 млн. 523 мың  441 теңгеге өткізілсе, сегізі конкурс тәсілімен  12 млн. 877 мың 045 теңгеге өткізілді. Ал қалған конкурстардың қортындысы күтілуде.

Жангелдин ауданының сайтына берілетін коммуналдық меншік бойынша ақпарат
1 желтоқсан  2017  жыл

Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдау:

2017 жылдың 1 желтоқсанына жалпы алаңы 668,22 шаршы метрді құрайтын 35 үй-жай мүліктік жалға берілді, барлығы 35 келісім-шарт бойынша 2017 жылдың 1 желтоқсанына жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жеке шоттарына барлығы   1 849 000 (бір миллион сегіз жүз қырық тоғыз мың) теңге қаржы түсті.

Коммуналдық меншік объектілерін сату:

Жангелдин ауданы бойынша 2017 жылдың 1 желтоқсанына коммуналдық меншік нысандарын сатудан жергілікті бюджетке 4 029 510,06 теңге. Жекешелендіруге жататын  4 ғимарат, 10 автокөлік аукционда сатылды.  
Сондай-ақ, коммуналдық меншік нысандарын сату жұмыстарына барлығы 546 797,4  теңге қаражат жұмсалды. Оның ішінде:
Газет бетіне хабарландыру беруге –421 797,4 теңге;
Коммуналдық мүлікті бағалауға – 125 000 теңге;

хат жіберу